Добавить новость
ru24.net
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Ұлы соққыға жығылғанын мәлімдеген сарбаздың ата-анасы Ақтөбеге келді

0

Ақтөбедегі әскери бөлімде соққыға жығылғанын айтқан ақтаулық сарбаздың ата-анасы ұлына барды. Анасы Гүлдана Кетібаева ұлының жағдайы мүшкіл екенін, оның қатты азып, катетермен жатқанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

"Көзі шүңірейіп, өсіп кеткен, тым қатты арықтаған. Киімі қоқыстан табылғандай, бәрі кір-қожалақ. Тіпті ауыстыратын киім де әкелмеген. Физикалық және эмоционалдық тұрғыдан езіліп тұр. Түрі қаңғыбасқа ұқсап қалған деуге болады", - деді сарбаздың анасы.

Оның айтуынша, кездесуден кейін ұлына әскери бөлімнен ауыстыратын киім әкеліп берген. Әйел ұлының денсаулығына жеке тоқталып өтті. Қазір сарбаз өздігінен дәретке шыға алмайтындықтан, оған катетер қойылған.
Кездесу кезінде сарбаз анасына оны шап тұсынан ұрғандарын растаған. Анасының айтуынша, содан кейін баласының жағдайы нашарлап, дәретке дұрыс шыға алмай қалған.
Анасының айтуынша, соққыдан кейін сержанттар ұлына ауырсынудан физикалық тұрғыда орындай алмайтын тапсырмаларды бере берген. Тапсырмаларды орындамағаны үшін оны қайтадан ұрып-соққан.

"Екі тәулік бойы дәретке шыға алмаған, содан кейін ғана оны Ақтөбе облыстық ауруханасына жеткізген", - деді анасы.

Гүлдана Кетібаеваның айтуынша, әскери прокуратура ҚР Қылмыстық кодексінің 451-бабы 1-бөлігі ("Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану") бойынша қылмыстық іс қозғаған. Бұл бап бойынша 5000 АЕК-ке (21 625 000 теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту, не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Сарбаз соққыға жықты деп көрсеткен сержанттардың аты-жөнін анасы әзірге жариялаған жоқ, өйткені іс тергеу сатысында.
Қазір анасы ұлын басқа әскери бөлімге ауыстыруды сұрап отырған жоқ. Ол баласының әскери қызметтен босатылуын қалайды.

"Мұнда бұдан былай қызмет етуінің мәні жоқ. Ал кінәлілер заң бойынша жазалануы тиіс", - деді әйел.

Қазіргі уақытта ата-анасы ұлымен бірге Ақтөбе облыстық ауруханасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде әскери борышын өтеп жүрген ақтаулық 18 жастағы мерзімді қызметтегі сарбаз Ербол Досымбет ауруханаға түскен болатын. Бозбала бөлімде өзін жүйелі түрде ұрып-соққанын камераға айтып, полицияға арыз жазған. Анасымен бейнебайланыс кезінде сарбаз оны аға сержант пен тағы екі сержант ұрғанын мәлімдеген еді. Кейінірек ІІМ 2026 жылдың наурызында сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса