Добавить новость
ru24.net
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Иран Ормуз бұғазының толық жабылғанын мәлімдеді

0

Ормуз бұғазы кеме қатынасы үшін толығымен жабылып, Иран қарулы күштерінің бақылауына өтті. Бұл туралы Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесінің хатшысы Мохсен Резаи мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Press TV-ге сілтеме жасап.
Ол АҚШ президенті Дональд Трамптың стратегиялық маңызы бар бұғаз ашық деген сөзін "үлкен өтірік" деп атады.
Резаидың айтуынша, таяу күндері Ислам Республикасы Ормуз бұғазының сыртында кіруге шектеу қойылған аймақ құрылатынын жариялайды. Иранның қауіпсіздік саласындағы жоғары лауазымды өкілі Тегеранмен алдын ала келіспестен бұл аймаққа кірген кез келген кеме Иранның санкциялық тізіміне енгізілетінін түсіндірді.
Резаи ирандық әскерилер бұғаз арқылы өтпек болған америкалық кемелерге оқ ататынын, бірақ экологияға зиян келтірмеу үшін оларды суға батырмайтынын атап өтті.

"Иран контрабандамен айналысатын америкалық кемелерді суға батырмау туралы шешім қабылдады, өйткені олар мұнай тасымалдайды, ал бұл аймақтың қоршаған ортасына зардабын тигізер еді", - деді ол.

Бұған дейін Пентагонның Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) АҚШ күштері Харк аралының маңында, Джаск ауданында және Оман шығанағында Иранның үш мұнай танкеріне шабуыл жасағанын хабарлаған болатын. Бұған жауап ретінде Иран күштері Ормуз бұғазында АҚШ-пен байланысы бар үш мұнай танкеріне соққы жасады. Кейінірек, Ислам революциясының күзет корпусы (ИРКК) ирандық әскерилер АҚШ-тың авиатасымалдағышы мен эсминеціне баллистикалық зымырандармен соққы жасағанын хабарлады.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса