Добавить новость
ru24.net
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Қазақстанда ЖИ қолданылған жаңа оқулықтар дайындалып жатыр: министр олар қашан таныстырылатынын айтты

0

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектеп оқулықтарының жаңа форматы туралы айтты. Пилоттық жоба қараша-қаңтар айларында таныстырылуы мүмкін, деп хабарлайды Tengri Education.
Үкіметте өткен брифингте журналистер ата-аналардың оқулық сапасына қатысты шағымдарын жеткізді: бірыңғай форматтың жоқтығы, көлемдерінің әртүрлілігі, сондай-ақ тез тозатын жұмсақ мұқабалар мәселесі көтерілді.
Сүлейменова мұндай мәселенің бар екенін мойындады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта министрлік жасанды интеллектіні қолдана отырып, оқулықтардың жаңа форматын қарастырып жатыр. Пилоттық жоба қазірдің өзінде 40 мектепте сынақтан өтіп жатыр.

"Қазір біз жасанды интеллектінің көмегімен оқулықтардың жаңа форматын қалыптастыру мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Бізде барлық оқулық бір платформаға біріктірілген 40 мектепте пилоттық жобаны сынақтан өткізу жұмыстары жүріп жатыр", - деді министр.

Сондай-ақ министр көптеген қатені түзететін жаңа басылымдармен жұмыс істеу туралы айтты.

"Биыл Оқу-ағарту министрлігі ауқымды аналитикалық жұмыс жүргізді. Біз 700-ге жуық қате таптық. Қазір баспалармен бірлесіп, жаңа басылымдар бойынша кезең-кезеңімен жұмыс жүргізіліп жатырә, - деп хабарлады Сүлейменова.

Ол Шымкенттегі ата-аналардың жаңа оқулықтардың жоқтығына қатысты шағымына жеке тоқталып өтті. Шенеуніктің айтуынша, қажетті кітаптар сатып алынған және олар осы аптада оқушылардың қолына тиюі тиіс.
Оқулықтардың жаңа бірыңғай форматын қашан көруге болады деген нақтылаушы сұраққа Сүлейменова болжамды мерзімдерді атады.

"Біз қазір бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Қараша-қаңтар айларында пилоттық жобаны көрсетеміз деп ойлаймын. Біз мұны ведомстволық бағынысты ұйымымызбен және 15 баспамен бірлесіп әзірлеп жатырмыз. Мүмкін, қаңтарда сіздерге таныстырармыз", - деп жауап берді министр.

Электронды күнделіктердің жағдайы қалай?
Брифингте Сүлейменовадан ата-аналардың электронды күнделіктердің жұмысына қатысты шағымдары туралы да сұралды. Оның айтуынша, қазір Қазақстанда төрт LMS-жүйе жұмыс істейді, ал нақты платформаны таңдау әкімдіктердің құзыретіне кіреді.

"Жергілікті әкімдіктер тиісті жүйені өздері таңдауға құқылы, сондықтан оның жұмыс істеуіне, сапасына және дербес деректерге жергілікті атқарушы орган жауапты", деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрлігінің басшысы.

Бұған дейін Жұлдыз Сүлейменова Қазақстанда мектеп оқулықтары кезең-кезеңімен жаңартылатынын айтқан болатын. Өзгерістер 2026–2028 жылдарға жоспарланған.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса