Добавить новость
ru24.net
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Есепшот үшін 200 доллар: Алматыда интернет-казино желісі әшкереленді

0
Алматыда тергеу мәліметтері бойынша заңсыз интернет-казинолардың жұмысын қамтамасыз еткен бір топ тұлғаның қызметіне тосқауыл қойылды. Дропперлердің банктік шоттары арқылы ойыншылардан 110 миллион теңгеден астам қаражат түскен, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Схема қалай жұмыс істеген?
ҚМА мәліметінше, күдіктілер Olymp Casino, Rukh Poker және 7Kcasino интернет-казиноларының төлем инфрақұрылымының жұмысын ұйымдастырған. Ойыншылардың ақшалай қаражатын қабылдау және өңдеу Rocket.do онлайн-платформасы арқылы жүзеге асырылған.

"Схеманың қатысушыларының бірі шетел азаматы болған. Ол 200 долларға дейінгі ақшалай сыйақы үшін өздерінің банктік шоттарына қолжетімділік беруге дайын адамдарды іздестірумен айналысқан. Табылған дропперлерді Қазақстанға әкеліп, ЖСН алу үшін ХҚКО-ға, содан кейін шот ашу үшін банк бөлімшелеріне апарып жүрген", - деп хабарлады ҚМА.

Нәтижесінде күдікті 15 шетел азаматының банктік шотына қол жеткізген, сондай-ақ өзінің жеке банктік шотын да пайдаланған.
Осылайша, ойыншылардан түскен ақша 16 дроппердің шотына түсіп отырған. Мұндай аударымдардың жалпы көлемі 110 миллион теңгеден асты.
Күдіктілердің бірі қамауға алынды, тағы үшеуі – ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхатпен босатылды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

QR QMA / АФМ РК (@afm_rk) жарияланымы



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса