Добавить новость
ru24.net
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Энергетика саласындағы шетелдік мамандар біртіндеп қазақстандықтармен алмастырылады

0

Қазақстанда энергетика саласындағы шетелдік жұмысшыларды біртіндеп алмастыру үшін отандық мамандарды даярлауды кеңейту жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, шетелдік кадрларды алмастыру бағдарламасы кадрлық резервті қалыптастыруды және кейіннен экспаттардың орнын басу үшін қазақстандықтарды оқытуды қарастырады. Кандидаттарды қарау кезінде басымдық Қазақстан азаматтарына беріледі.

"Бағдарлама кадр резервін уақтылы қалыптастыруды, шетелдік кадрларды кейіннен алмастыру үшін даярлау мен оқытуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының кандидатураларын басым тәртіппен қарауды көздейді", - деді Ақкенженов.

Сонымен қатар қазақстандық кадрларды оқытуға өндіру көлемінің 1 пайызы мөлшерінде қаржыландыру бойынша келісімшарттық міндеттемелер қарастырылған. 2023–2025 жылдар аралығында бұл сома шамамен 62,7 миллиард теңгені құрады.
Энергетика саласына арналған жаңа мамандар
Сонымен қатар Қазақстанда энергетика саласындағы мамандықтарға қойылатын талаптар жаңартылып жатыр. 2025 жылы 31 кәсіби стандарт бекітілді.
2026 жылы "Энергетикадағы цифрландыру және жасанды интеллектіні қолдану" бағыты бойынша жаңа кәсіби стандарт мақұлданды. Атап айтқанда, ол мынадай мамандарды даярлауды қарастырады:

интеллектуалды немесе "ақылды" желілердің жобалаушылары;
Smart Grid энергия жүйелерінде жасанды интеллектіні әзірлеу және енгізу жөніндегі инженерлер;
энергетикалық желілердің киберқауіпсіздігі бойынша мамандар.

Мұнай-газ саласында 2024–2025 жылдары 57 кәсіби стандарт бекітілді. 2026 жылы мұнай мен газды барлау және өндіру, тасымалдау, сақтау, өңдеу және сату бойынша тағы 28 стандарт қайта қаралды.
Мұнай өңдеу саласына арналған кадрлар
Мұнай өңдеу саласы үшін мамандар даярлауға ерекше көңіл бөлінбек. Бұл қолданыстағы мұнай өңдеу зауыттарының қуатын кеңейтумен және жаңа МӨЗ салу жоспарларымен байланысты.
Кадрларды даярлауды жаңа қуаттарды іске қосумен үндестіру көзделіп отыр. Ұсынылған шаралардың қатарында - қолданыстағы қондырғылар негізінде мамандарды оқыту, кадрларды даярлау және сертификаттау орталығы ретінде салалық ғылыми-зерттеу институтын құру, сондай-ақ жұмысшыларды, мамандарды және ғылыми қызметкерлерді даярлау мен қайта даярлау бағдарламалары бар.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса