Добавить новость
ru24.net
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Қазақстандық жүргізуші куәліктері Қытайда мойындалды

0

Қазақстан мен Қытай ұлттық жүргізуші куәліктерін өзара тану және алмастыру туралы келісімге келді, деп хабарлайды Tengri Auto Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы 7 қыркүйекте Қазақстан Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің Бейжіңге жасаған іс-сапары барысында белгілі болды. Ол "Орталық Азия – Қытай" форматындағы ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерінің кездесуіне қатысты.

Фото: polisia.kzІІМ бұл екі ел азаматтары үшін рәсімдерді жеңілдетіп, Қазақстан мен Қытай арасындағы сапарларды ыңғайлы ететінін атап өтті.

Бұған дейін Қазақстан ІІМ жүргізуші куәліктерін өзара тану және алмастыру туралы келісімге қол қою туралы қаулы жобасын әзірлегенін хабарлаған болатынбыз.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан мен Қытай азаматтары белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда, көлік құралдарын басқару үшін екінші елдің аумағында қолданыстағы ұлттық жүргізуші куәліктерін пайдалана алады.

Мұнда құжатта В1 санатындағы жүргізуші куәліктері туралы сөз болатынын нақтылай кеткен маңызды.

Куәліктерді емтихансыз алмастыруға болады

Келісім күшіне енгеннен кейін екі елдің азаматтары жүргізуші куәліктерін қайта оқымай-ақ және біліктілік емтихандарын тапсырмай-ақ алмастыра алады. Бұл ретте рәсім адам жүрген елдің заңнама талаптары ескеріле отырып жүргізіледі.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса