Жезқазғанда полицейлердің көлік қуған сәті видеоға түсіп қалды
Жезқазған қаласының Кеңгір ауылында патрульдік полиция қызметкерлері мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ автокөлікті тоқтатпақ болған. Алайда жүргізуші полицейлердің заңды талабына бағынбай, қашуға тырысқан. Қуғын сәті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Tengri Auto Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Көлікті тоқтатып, 20 жастағы жүргізушіні ұстау мүмкін болған. Тексеріс барысында ер адамның көлікті мас күйінде тізгіндегені анықталды. Оның үстіне, жүргізушінің көлік басқару құқығы болмаған.
Сонымен қатар полицейлер жүргізушінің осындай құқықбұзушылықты осыған дейін де жасағанын анықтады.
Іс материалдарын сот қарады. Сот шешімімен жүргізуші 35 тәулікке қамауға алынды.
Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
