Добавить новость
ru24.net
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Алаяқтар атыңызға несие рәсімдеген: оны төлемеу үшін не істеу керек?

0

Полицияға арыз берудің өзі алаяқтық жолмен рәсімделген несиені автоматты түрде жоймайды. Пайыз есептеуді қалай тоқтатуға болады, банк қай жағдайда қарызды есептен шығаруға міндетті және зардап шегуші қашан сот шешіміне жүгінуі тиіс екенін Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді.2026 жылдың басынан бері Қазақстанда жалпы сомасы 2,1 миллиард теңге болатын 1,3 мыңға жуық алаяқтық жолмен рәсімделген қарыз анықталды. Мұндай мәліметтерді редакциямыздың сауалына жауап ретінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) ұсынды.
Мұндай несиелер саны біртіндеп азайып келеді. 2024 жылы 20,3 миллиард теңгеге 8,7 мың осындай қарыз тіркелсе, 2025 жылы - 4,6 миллиард теңгеге 5,1 мың қарыз анықталған. Осылайша, бір жыл ішінде олардың саны шамамен 1,7 есеге, ал жалпы сомасы төрт еседен аса қысқарған.
Бұл ретте құқық қорғау органдарына арыз берудің өзі қарыздан босатпайды. Не істеу керек және банк немесе микроқаржы ұйымы (МҚҰ) несиені қай кезде есептен шығаруға міндетті?
Атыңызға біреу несие рәсімдесе, неден бастау керек?Өзіңіз рәсімдемеген несиені анықтаған бойда, бірден банкке немесе микроқаржы ұйымына хабарласу қажет.Қарыздың алаяқтық жолмен рәсімделгенін хабарлап, карталарды, шоттарды және банктік қосымшаға кіру мүмкіндігін бұғаттауды талап ету, сондай-ақ өтінішті ресми түрде тіркеу керек.Өтінім нөмірін, жүгінген күніңізді, кредитормен жазысқан хаттарды және алынған жауапты сақтап қою маңызды. Бұл құжаттар полицияға, ҚНРДА-ға немесе сотқа жүгінген кезде қажет болуы мүмкін.
Алаяқтық несие туралы қалай дұрыс арыздануға болады?
Арызды жеке өзіңіз барып, eGov немесе eOtinish арқылы беруге болады. Онда мына жайттарды егжей-тегжейлі көрсету қажет:

несие қашан және қандай сомаға рәсімделді;қай банкте немесе МҚҰ-да;қарыз туралы қалай білдіңіз;сізге алаяқтар қоңырау шалды ма;
СМС-тегі кодтарды біреуге айттыңыз ба;бөгде қосымшалар орнаттыңыз ба;несие ақшасы қайда аударылды.

Арызға хат алмасу скриншоттарын, телефон нөмірлерін, сөйлесулер мен дауыстық хабарламалардың жазбаларын, банктің СМС және push-хабарламаларын, шот үзінділерін, түбіртектерді және аударымды алушылар туралы мәліметтерді қоса беру керек.
Түпнұсқа файлдарды сақтап қойған дұрыс, ал полицияға олардың көшірмелерін тапсырған жөн.Өндіріп алуды тоқтату үшін қандай құжат қажет?
Пайыз есептеуді және өндіріп алуды тоқтату үшін тек арыздың қабылданғаны туралы талон жеткіліксіз. Құқық қорғау органдарының процестік құжаты қажет:

жәбірленуші деп тану туралы қаулы;немесе полицияның қылмыс жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы ұсынымы.

Құжатта несиенің рәсімделген күні, сомасы және банктің немесе МҚҰ-ның атауы көрсетілуі тиіс. Қаулы жәбірленушіге беріледі, ал ұсынымды полиция кредиторға өздігінен жібере алады.Құжатты кредиторға тапсырыңызҚұжатты алғаннан кейін оны банкке немесе МҚҰ-ға ұсыну қажет. Үш күнтізбелік күн ішінде кредитор мыналарға міндетті:

пайыздарды, айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуді тоқтатуға;берешекті өндіріп алуды уақытша тоқтатуға;тергеу кезеңінде қарыз бойынша талап-арыз және сот жұмыстарын тоқтатуға.

Бұл несие есептен шығарылды дегенді білдірмейді. Дегенмен, қарыз көлемі өсуін тоқтатады, ал банк немесе МҚҰ мән-жайлар анықталғанға дейін оны өтеуді талап етпеуі тиіс.ҚНРДА мәліметінше, тек 2026 жылдың басынан бері 6,2 мың қарыз бойынша жалпы сомасы шамамен 8,4 миллиард теңге болатын пайыздарды есептеу мен өндіріп алу тоқтатылған.
Егер кредитор пайыздарды және өндіріп алуды тоқтатудан бас тартса, оның үстінен eOtinish арқылы ҚНРДА-ға шағымдануға болады. Шағымға полицияның процестік құжатын және банктің немесе МҚҰ-ның жазбаша бас тартуын қоса беру қажет.
Егжей-тегжейлі әрекет реті ҚНРДА-ның ресми жадынамасында жарияланған.
Банк қай жағдайда несиені жоюға міндетті?
Соттан тыс тәртіппен есептен шығару үшін бір мезгілде екі шарт орындалуы тиіс:

Құқық қорғау органдары несиенің алаяқтықпен байланысты екенін растап, азамат жәбірленуші деп танылуы керек.
Банк немесе МҚҰ қарызды беру кезінде кем дегенде бір міндетті талапты бұзған болуы керек.

Міндетті биометриялық сәйкестендірудің болмауы, несие алуға тыйым салынған кезде қарыздың берілуі, "салқындату кезеңінің" немесе жас шектеулерінің бұзылуы несиені есептен шығаруға негіз бола алады.
Сонымен қатар заңбұзушылықтарға алғашқы ірі кепілсіз несиені қашықтықтан ресімдеу де жатады. Егер адамның бұрын несие тарихы болмаса, сомасы 150 АЕК-тен (2026 жылы 648 750 теңге) асатын алғашқы банктік қарыз, ал 75 АЕК-тен (2026 жылы 324 375 теңге) асатын микрокредит оның жеке қатысуымен ресімделуі тиіс.
Кепілсіз онлайн-қарыз алуға 21 жасқа толмаған және 55 жастан асқан азаматтардан бөлек келісім талап етіледі. Егер несие мұндай растаусыз берілсе, бұл да соттан тыс есептен шығаруға негіз бола алады.Қажетті құжаттар мен расталған заңбұзушылық болған жағдайда қаржы ұйымы үш жұмыс күні ішінде:

берешекті есептен шығаруға;несие тарихын түзетуге;қарыз алушыдан ұсталған немесе төленген ақшаны қайтаруға міндетті.

Мұндай жағдайда сотқа жүгінудің қажеті жоқ.
Онлайн-кредиттер: "салқындату кезеңі" деген не және ол қалай жұмыс істейді?
Салқындау кезеңі - бұл онлайн-қарыз шартына қол қою мен ақшаны аудару арасындағы уақыт. Ол адам алаяқтардың қысымымен әрекет етіп жатқанын түсінсе, несиеден бас тарта алуы үшін енгізілген.2026 жылы салқындау кезеңі үшін келесі мерзімдер белгіленген:

сомасы 649 мыңнан 1,1 миллион теңгеге дейінгі банктік онлайн-қарыз үшін - кемінде сегіз сағат;1,1 миллион теңгеден асатын банктік қарыз үшін - кемінде 24 сағат;324 мың теңгеден асатын онлайн-микрокредит үшін - кемінде 24 сағат.

Ақша қарыз алушыдан қайта растау алынғаннан кейін ғана аударылуы мүмкін. Бұл ереже адам бір күн ішінде жалпы сомасы белгіленген лимиттерден асатын бірнеше онлайн-қарыз ресімдеген жағдайда да қолданылады.
Егер банк немесе МҚҰ ақшаны ерте аударып, қайта келісім алмаса, бұл алаяқтық жолмен алынған несиені соттан тыс есептен шығаруға негіз болуы мүмкін.
Салқындау кезеңі кейбір операцияларға қолданылмайды, бұл ретте ақша тікелей тауар немесе қызмет сатушысына аударылады, сондай-ақ ішкі қайта қаржыландыруға және төлем картасының лимиті шегіндегі жекелеген қарыздарға қатысты емес.Қандай жағдайларда сотсыз шешілмейді?
Егер банк немесе МҚҰ тарапынан анық заңбұзушылықтар болмаса, берешекті тек жәбірленушінің өтініші негізінде есептен шығару мүмкін болмайды.
Егер алаяқтар адамның дербес деректеріне, парольдеріне немесе телефонына қол жеткізсе, қашықтықтан басқару бағдарламасын қолданса немесе оны идентификациядан өтіп, қарыз ресімдеуге көндірсе, сот талқылауы қажет болуы мүмкін.
Мұндай жағдайларда мыналарды анықтау қажет:

несиенің шынымен де алаяқтардың әсерімен ресімделген-ресімделмегені;қарыз алушының ақшаны алуға өзі қатысқан-қатыспағаны;банктің міндетті тексерулерді орындаған-орындамағаны;антифрод-жүйенің ерекше мінез-құлықты тіркеген-тіркемегені;кредитордың заңбұзушылықтары мен адамға келтірілген шығын арасында байланыс болған-болмағаны.

Егер сот алаяқтық фактісін және міндеттемелерді тоқтатуға негіздерді анықтаса, банк немесе МҚҰ 10 жұмыс күнінен кешіктірмей қарызды есептен шығаруға, ұсталған ақшаны қайтаруға және несие тарихын жаңартуға міндетті.
Алаяқтардың нұсқауымен несиені өзіңіз алсаңыз не істеу керек?
Мұндай қылмыстардың едәуір бөлігі банктік жүйені бұзбай-ақ жасалады. Алаяқтар өздерін банк, полиция немесе мемлекеттік орган қызметкері ретінде таныстырып, адамды несиені өзі ресімдеуге, биометриядан өтуге және ақшаны "қауіпсіз шотқа" аударуға көндіреді.
Бұл жағдайда да есептен шығару автоматты түрде жүрмейді. Құқық қорғау органдары мен сот қарыздың ресімделу мән-жайын анықтап, банктің барлық міндетті қорғаныс шараларын орындағанын тексеруі қажет.
Адамның алдаудың ықпалымен әрекет еткен дерегі қылмыстық іс материалдарымен расталуы тиіс.
"Стоп-кредит" көмегімен жаңа несиелерден қалай қорғануға болады?
Банктік қарыздар мен микрокредиттерден өз еркімен бас тарту сервисі 2024 жылдың ақпанынан бастап eGov арқылы жұмыс істейді. Тыйым несие тарихында көрсетіледі және оны барлық банктер мен МҚҰ ескеруі тиіс.
Егер қарыз қолданыстағы тыйымға қарамастан адамның хабарсыздығымен берілсе, берешек міндетті түрде есептен шығарылуға жатады. Дегенмен, зардап шегуші алаяқтықты ресми түрде тіркеу үшін дереу кредиторға хабарлап, полицияға жүгінуі керек.ҚНРДА мәліметінше, "Стоп-кредит" қызметін 6,5 миллионнан аса қазақстандық орнатқан.
Шектеуді eGov сайтында немесе мобильді қосымшасында "Банктік қарыздарды, микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тарту" қызметін таңдау арқылы қосуға болады. Толық нұсқаулық ҚНРДА сайтында орналасқан.
Атыңызға алаяқтық несие ресімделсе, не істеу керек: нұсқаулық
Егер атыңызға алаяқтық несие ресімделсе, іс-қимыл тәртібі келесідей:

Банкке немесе МҚҰ-ға хабарлап, өтінішті тіркеу.
Полицияға арыз түсіріп, барлық дәлелдемелерді тапсыру.
Жәбірленуші деп тану туралы қаулыны немесе басқа да қажетті процестік құжатты алу.
Пайыздарды есептеуді және өндіріп алуды тоқтату үшін оны кредиторға тапсыру.
Банк бас тартқан жағдайда - ҚНРДА-ға шағымдану қажет.
Кредитордың міндетті талаптарды бұзған-бұзбағанын тексеру.
Соттан тыс есептен шығаруға негіз болмаған жағдайда сотқа жүгіну.

Жәбірленуші деп танылу қарыздың өсуін және өндіріп алуды тоқтатуға мүмкіндік береді, бірақ берешекті түпкілікті есептен шығару үшін банктің заңбұзушылығын анықтау немесе соттың заңды күшіне енген шешімін алу қажет.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса