Алматыда LRT құрылысына байланысты Төле би көшесінде қозғалыс шектелді
Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектелді, - деп хабарлайды Tengri Auto.7 қыркүйек сағат 23:00-ден 8 қыркүйек сағат 14:00-ге дейін Байтұрсынов көшесінен Досмұхамедов көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толықтай тоқтатылады.
Шектеу LRT жобасын іске асыру жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр.
Алматыдағы көлік қозғалысына қатысты шектеулер31 тамыздан 14 қыркүйекке дейін Байзақов көшесінің Жамбыл көшесінен Шевченко көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысына шектеу қойылған.5-9 қыркүйек аралығында Алтынсарин көшесінің Жандосов көшесінен Қабдолов көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысына шектеу қойылған.5 қыркүйектен 10 қазанға дейін Арықова көшесінің Жетісу көшесінен Жангелдин көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысына шектеу қойылған.
Сондай-ақ Қайрат шағынауданында тұрғын үй кешендеріне су бұру желілерін тартуға байланысты қозғалысқа шектеу қойылған:
30 қыркүйек пен 15 қазан аралығында – Тараз және Бәйге көшелерінің қиылысынан Сұлутал және Бәйге көшелеріне дейін;31 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында – Сұлутал және Бәйге көшелерінің қиылысынан Сыбызғы көшесіне дейін.
