Добавить новость
ru24.net
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

“Өзім “к“ арқылы жазамын - министр Сүлейменова “қыргүйек“ төңірегіндегі дау туралы

0
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айдың "қыркүйек" немесе "қыргүйек" деп жазылуына қатысты туындаған дауға пікір білдірді. Ол өзі "к" әрпі арқылы жазылатын нұсқаны қолданатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкіметте өткен брифингте журналистер Жұлдыз Сүлейменовадан неге мектептерде "қыргүйек" сөзін "г" әрпімен жаза бастағанын және бұл өзгеріс немен байланысты екенін сұрады.
Ведомство басшысы Оқу-ағарту министрлігі ешқандай жаңа ереже енгізбегенін атап өтті.

"Бұл өзгерістің Оқу-ағарту министрлігіне ешқандай қатысы жоқ. Негізінде, мәселе тіл біліміндегі өзгерістер туралы болып отыр. Бұл сұрақ мені де қызықтырған соң, ғалымдарымыздың, атап айтқанда, Рәбиға Сыздықтың ғылыми зерттеулеріне жүгінуіме тура келді", – деді Сүлейменова.

Бұл ретте министр "қыркүйек" сөзін "к" әрпімен жазатынын айтты.

"Мен өзім "к" қолданып, "қыркүйек" деп жазамын. Бізді кезінде сол тәртіппен, сол грамматикамен оқытқан", – деді министр.

Сүлейменованың айтуынша, бұл мәселені лингвистер 1980-жылдардан бері талқылап келеді. Сондай-ақ ол сөздің қолданылуына қатысты зерттеулерге сілтеме жасап, халықтың 93 пайызына жуығы "қыркүйек" нұсқасын қолданғанын айтты.
"Ешбір нұсқаны қате деп санауға болмайды"
Бұл ретте Сүлейменова қазіргі уақытта "қыркүйек" те, "қыргүйек" те қате деп есептелмеуі керек деген ұстанымда.

"Менің ойымша, "қыркүйек" деп жазуды да, "қыргүйек" деп жазуды да қате деп санауға болмайды. Біз қолданып жүрген "қыркүйек" нұсқасы - бізге қазақ тілі мұғалімдері үйреткен дүние. Олар бізге тиісті орфографиялық, грамматикалық және морфологиялық заңдылықтарды түсіндірген болатын", – деді министр.

Сүлейменованың пікірінше, дегенмен бұл дауға соңғы нүктені тіл мамандары қоюы тиіс.

"Егер біздің ғалымдар, Тіл білімі институты "қыргүйек" деп жазуды дұрыс деп санаса, онда біз ғалымдарға құлақ асуымыз керек деп есептеймін. Бұл сөз 2013 жылғы орфографиялық сөздікте осылай көрсетілген. Бұл мәселеде соңғы нүктені солар қоюы тиіс", – деді ол.


Сонымен, "қыркүйек" пе, әлде "қыргүйек" пе?
Бұған дейін Tengrinews.kz "қыркүйек" пен "қыргүйек" төңірегіндегі дауды зерделеген болатын.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті 2013 жылғы орфографиялық сөздікке сілтеме жасап, "қыргүйек" нұсқасын дұрыс деп атаған.
Оқу-ағарту министрі "к" арқылы жазуды қате деп санамағанымен, мектептерде балалардың "қыркүйек" деген жазуын "қыргүйек" деп түзетіп жатыр.
Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми хабарламаларында "қыркүйек" қолданылатынына назар аударғанбыз. Ведомстволардың ресми Telegram-арналарынан "қыргүйек" деп жазылған бірде-бір хабарлама таба алмадық.
Тағы оқыңыз: “Қыркүйек” әлде “қыргүйек”: Ғылым министрлігі дауға нүкте қойды



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса