Добавить новость
ru24.net
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Қарағанды маңында жолаушылар мінген автобус тасжолдан шығып кетті

0
Қарағанды маңында бағыттық автобус пен "Газель" соқтығысып, төрт адам ауруханаға жатқызылды. Соққыдан кейін жолаушылар мінген автобус жолдан шығып, орға аударылған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Апат Қарағандыдан шамамен үш шақырым жерде, ірі мал шаруашылығы кешені маңында болған. "Газель" автокөлігі мен "Қарағанды – Жайрем" бағытындағы жолаушылар автобусы соқтығысты.
Салдарынан ішінде жолаушылары бар автобус жол жиегіндегі орға ұшып кеткен. Жол-көлік оқиғасынан төрт адам зардап шекті: "Газель" жүргізушісі мен жолаушысы, сондай-ақ бағыттық автобустың екі жолаушысы. Олардың барлығы медициналық мекемелерге жеткізілді.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

ВКурсе Караганда | жаңалықтар | жарнама | жұмыс | хабарландырулар (@vkyrse_karaganda) жарияланымы




"Жол апаты дерегі полицияда тіркелді. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Жүргізушілерді жылдамдық режимін, арақашықтықты сақтауға және жол мен ауа райы жағдайларын ескеруге шақырамыз", - деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген видео тарап жатыр. Желі қолданушыларының пікірінше, апат жол төсемінің нашарлығынан болуы мүмкін.

"Ол жерде апат болып, автобустың орға ұшып кеткені таңғалдырмайды. Алдымен жол төсемін жаңарту керек (егер оны жол деп атауға келсе), бұл көлік жүретін жол емес, аты ғана", - деп жазды желі қолданушыларының бірі.
"Бұл жол емес, нағыз шұңқырлар мен жамаулар, көлікпен ұшып кете жаздайсың. Осымен неше жыл болды, ешкім ештеңе істеп жатқан жоқ. Жүру қауіпті, көлікті игеру үшін рөлге жабысып отырасың. Жылда осы жағдай қайталанады, ешкімнің шаруасы жоқ", - дейді тағы бір қолданушы.

Бұған дейін 2024 жылдың басынан бері Қазақстанда 21 394 жол-көлік оқиғасы тіркелгені хабарланған болатын. 1 қаңтар мен 31 тамыз аралығында жол апаттары салдарынан 28 939 адам жарақат алып, 1 230 адам қаза тапты.
Жол апаттарының басым бөлігі елді мекендерде болған - 18 123 жағдай.Республикалық маңызы бар жолдарда 1 982, облыстық маңызы бар жолдарда 708, аудандық маңызы бар жолдарда 398 жол-көлік оқиғасы болды.
Елді мекендердегі апаттар салдарынан 23 150 адам жарақат алып, тағы 1 002 адам қаза тапты.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса