Добавить новость
ru24.net
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Күн суытады: Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

0

"Қазгидромет" синоптиктері 10, 11 және 12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, 10-12 қыркүйек аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейеді деп күтіледі. Сонымен қатар еліміздің оңтүстігінде жылы ауа райы сақталады.

Қай өңірлерде күн суытады?

Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттар айқындайды. Жауын-шашынды, кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейетін тұрақсыз ауа райы күтіледі. Сонымен қатар ауа температурасы біртіндеп төмендей бастайды.

Еліміздің солтүстігі мен солтүстік-батысында температура +13+23 градусқа дейін, орталық аймақтарда +15+25 градусқа дейін төмендейді.

Оңтүстікте жылы ауа райы сақталады

Қазақстанның оңтүстігінде алдағы күндері жазғы жылылық сақталады. Оңтүстік-шығыста 12 қыркүйекте жаңбыр жаууы мүмкін.

Еліміздің батысында циклон өткеннен кейін жауын-шашын бәсеңдеп, ауа райы біртіндеп тұрақталады. Мұнда керісінше күн жылынып, температура +20+28 градусқа дейін көтеріледі.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса