Добавить новость
ru24.net
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

“Ол маған сенетін“. Әкесі мен қызының биі Қазнетті толқытты

0
Желіде бірнеше жыл бойы әкесімен бірге билеп келген бойжеткеннің әсерлі видеосы танымал болды. Кадрлардан жылдардың, стиль мен жастың қалай өзгергенін, бірақ ең басты нәрсе - ата-ана мен бала арасындағы шексіз қолдау мен махаббаттың өзгермейтінін көруге болады. Tengri Life ролик кейіпкерімен тілдесіп, бала кездегі әуесқойлықтың қалайша берік отбасылық дәстүрге айналғанын және "әкесінің ерке қызы" мәртебесін сақтай отырып есеюдің қандай екенін білді.
Алғашқы хореограф және басты көрермен
Арайлым Болатова үлкен әрі мейірімді отбасында өскен. Бүгінде оның өз шаңырағы, жолдасы мен үш баласы бар, алайда ол әкесінің жанында өзін әлі күнге дейін сол баяғы кішкентай қыз баладай сезінетінін айтады.
Оның айтуынша, олардың үйінде әрдайым ерекше атмосфера орнаған: ән айту, би билеу және импровизацияланған концерттер отбасылық өмірдің ажырамас бөлігі болған. Оның әкесі Нұрлан Мұстафин бала кезінен бимен кәсіби түрде айналысқан - ол көлденең шпагатқа еркін отырып, Майкл Джексонның қимылдарын айнытпай қайталайтын болған.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Арайлым/Блогер/Балқаш/Сүйікті брендтер амбассадоры/Perfluence (@_arailym.14) жарияланымы


Арайлымның өзі де кішкентай кезінен кез келген жерде, кез келген уақытта билегенді жақсы көрген. Оның бұл талпынысын алғаш болып әкесі байқап, оны дамыту керек деп шешкен.
Ол қызын би үйірмесіне беріп, іс жүзінде оның алғашқы хореографы және балалық әуестіктің үлкен іске айналатынына сенген адам болды. Содан бері жаттығулар, сапарлар мен өнер көрсетулер басталды. Әкесі қызының жаттығулары аяқталғанша сағаттап күтетін. Оны апарып салу үшін жұмысынан сұранып, жаттығудан кейін күтіп алатын және әрбір сахнаға шыққан сайын уайымдайтын.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Арайлым/Блогер/Балқаш/Сүйікті брендтер амбассадоры/Perfluence (@_arailym.14) жарияланымы



"Әкем тек ата-ана ғана емес, менің алғашқы хореографым болды. Бастауыш сыныптарда ол маған және сыныптас қыздарыма би қойып, үйде қимылдарды үйрететін. Конкурстар өткенде жұмысынан сұранып, акт залына бәрінен бұрын келіп, менің өнерімді күтіп бос залда жалғыз отыратын. Оның түнгі ауысымнан кейін дәлізде отырып, мені жаттығудан күткенін есіктің саңылауынан көргенде жүрегімнің қалай ауырғаны әлі есімде", - дейді кейіпкер.

Ол әкесімен қарым-қатынасын өте жақын деп сипаттайды. Оның айтуынша, жақын адамның қолдауы қандай болуы керектігін ол бала кезінен дәл осы әкесінің арқасында түсінген. Нұрлан Мұстафин тіпті басқа туыстары оның би билеу мен блог жүргізуге деген құлшынысын қолдамаған кездің өзінде қызына сенім артқан.

"Басқа туыстарына ол: "Араласпаңыздар, менің қызым жаны нені қаласа, соны істейді", - дейтін", - деп ағынан жарылды Арайлым.

Той батлдарынан вирусқа айналған трендтерге дейін
Бірлескен роликтер түсіру идеясы кенеттен пайда болған. Кейіпкердің блог жүргізіп жүргеніне біраз болған, ал оның әкесі тойлардағы жарқын би сайыстарымен жақындарының арасында бұрыннан танымал еді. Кезекті тренд үшін серіктес қажет болғанда, әкесі еш ойланбастан: "Қызым, кел, бірге түсірейік, адамдарға қызық болсын", - деп ұсыныс тастаған.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Арайлым/Блогер/Балқаш/Сүйікті брендтер амбассадоры/Perfluence (@_arailym.14) жарияланымы


Осылайша алғашқы бірлескен видео жарыққа шықты. Ролик күтпеген жерден көп қаралым жинап, қолданушылар жылы лебіздерін қалдыра бастады. Дәл осы оқырмандардың реакциясы оған әрі қарай жалғастыруға үлкен мотивация берген.
Бүгінде Нұрлан Мұстафин жаңа қимылдарды үйренуді жалғастырып, ауысымнан кейінгі шаршағанына қарамастан, тіпті түсірілімдерге өзі идеялар ұсынатын болған.
"Қасымда сол баяғы әкем. Бірақ шашына ақ кірген"
Әр жылдардағы архивтерді қайта қарап отырып, Арайлым бойын қуаныш пен аздаған мұң араласқан сезім билейтінін мойындайды.

"Кішкентай кезіңе, содан кейін бүгінгі өзіңе қарайсың - тұрмысқа шыққансың, үш балаң бар... Ал қасыңда сол баяғы әкең. Бірақ шашына ақ кіріп, жүзін әжім басқан. Бәрі өзгереді, ал оның маған деген көзқарасы сол қалпында. Бұдан аздап көңілің босайды, өйткені жас ұлғайған сайын өткен күндерді ерекше толқыныспен еске ала бастайсың", - деді кейіпкер.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Арайлым/Блогер/Балқаш/Сүйікті брендтер амбассадоры/Perfluence (@_arailym.14) жарияланымы


Мыңдаған қолданушы видео астында жылы лебіздерін қалдырып, қыздың әкесіне ризашылықтарын білдіріп жатыр. Олар әкенің қызына деген көп жылғы махаббатын, қамқорлығын және айнымас қолдауын ерекше атап өткен.
Арайлым өзінің видеосы мұншалықты танымал болады деп күтпегенін айтты. Ол үшін бұл роликтер өте жеке дүние еді. Ол тек оқырмандарына өз жолының қалай басталғанын және бұл жолда әкесінің қандай рөл атқарғанын көрсеткісі келген.
Алайда көп ұзамай адамдар өздерінің ата-аналары, балалық шағы мен әкелері туралы оқиғаларын бөлісе бастады. Кейбіреулер видеоны көргеннен кейін ескі суреттер мен отбасылық жазбаларды қайта қарап шыққандарын жазған.

"Күндердің күнінде бұл қайталанбас сәт әрі өміріңдегі ең бақытты кезең екенін түсінесің", "Өмірімде көрген ең тамаша видео", "Кереметсіздер, әсіресе әкеңіз тіпті ерекше, басынан аяғына дейін еріксіз жымиып көрдім, мұндай әкеңіз барына өте бақыттысыз", "Әкесінің биі күн өткен сайын жақсарып келеді", "Бұл видеодағы ең мұңдысы – әкеңіздің жылдар өткен сайын қартайып бара жатқанын көру", "Әкесінің қасында қандай бақытты десеңші", - деп жазды желі қолданушылары.

Бойжеткен оқырмандардың бұл пікірлерін әкесіне міндетті түрде көрсетіп отырады. Қызының айтуынша, Нұрлан Мұстафин бірлескен видеоларды жариялар алдында: "Адамдарға ұнай ма екен, биімізді қалай бағалар екен" деп уайымдайды екен. Ал жарияланғаннан кейін: "Міне, жұлдыз болдық қой" деп күліп, әзілдейді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Арайлым/Блогер/Балқаш/Сүйікті брендтер амбассадоры/Perfluence (@_arailym.14) жарияланымы


Арайлым әкесінің қызының қасында болу мүмкіндігіне риза екенін және бірлескен видеолардың арқасында жұрттың оны танып, жылы қабылдап жатқанына қуанышты екенін жеткізді. Дегенмен ол үшін қаралым саны басты орында емес. Ең маңыздысы - олардың әлі де бірге дүниелер жасап жүргені.
"Менің әкем болғаның үшін рақмет"
Қазір Арайлымның өзі үш баланың анасы. Ол кезінде әдеттегідей болып көрінген әкесінің әрбір ісінде қаншама махаббат болғанын енді ғана шын түсіне бастағанын айтады.
Әкесі қызына әлі де көмектесіп келеді. Ол қызының жұмыс істеп, түсіріліммен айналысуына және өз ісін дамытуына жағдай жасау үшін немерелеріне қарайласады.
Бүгінде бойжеткен өткен күндеріне көз жүгіртіп, әкесіне тек бір ғана сөз айтқысы келетінін жеткізді: "Рақмет".

"Мен оған: "Әке, менің әкем болғаның үшін және өзіңмен бірге билеп, ән айтқанды жақсы көрген сол кішкентай қызға сенгенің үшін рақмет. Сенің қолдауың, әке, менің өміріме өте қатты әсер етті. Жаттығуға апарған әр сапарың үшін, мені сағаттап күткенің үшін, демеу болғаның үшін және армандарымды ешқашан төмендетпегенің үшін рақмет. "Менің қолымнан бәрі келеді, өйткені әкем маған сенеді" дегенді сезінуге мүмкіндік бергенің үшін алғысым шексіз", - деп түйіндеді Арайлым.

Қыз әкесімен бірге жаңа естеліктер жасауды жалғастыра бермек. Өйткені уақыт өте келе бұл қысқа би видеолары әлеуметтік желідегі жай роликтерден де құнды дүниеге айналуы мүмкін. Олар отбасылық тарихтың, сақталып қалған бағалы сәттердің айғағы болып қалады.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса