“Бёрнлидің“ бапкері Дастан Сәтбаевтың қазіргі жағдайын айтты
"Дастан Сәтбаев халықаралық үзіліс кезінде қатарға қосылады. Ол қазір осында - "Челси" өкілі бізге келіп, дәрігерлерімізбен кеңесті. Бірге ақылдаса отырып, Дастанның мүмкіндігінше тезірек қатарға оралуы үшін ең тиімді қалпына келу бағдарламасын әзірледік", - деп мәлімдеді Ники Хайен баспасөз мәслихатында.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Burnley Football Club (@burnleyofficial) жарияланымы
Осы аралықта Қазақстан құрамасы жаңа бас бапкер, нидерландтық маман Джон ван’т Схиптің жетекшілігімен Ұлттар лигасындағы алғашқы матчтерін өткізеді.
26 қыркүйекте құрама сырт алаңда Фарер аралдарымен кездеседі. 29 қыркүйекте Словакияға қонаққа барады. 2 қазанда өз алаңында Молдованы қабылдайды. Ал 6 қазанда Фарер аралдарымен қайта кездесіп, бұл жолы матч Қазақстанда өтеді.
Әзірге "Бёрнли" шабуылшысы құраманың тізіміне еніп-енбейтіні белгісіз.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Қазақстан ұлттық футбол құрамасының жарияланымы (@kff_team)
Сәтбаевтың "Челси" мен "Бернлиге" ауысуы
Қазақстандық Дастан Сәтбаев маусымның ортасында "Челси" ойыншысы атанды. Ол лондондықтар сапында бірнеше жолдастық кездесу өткізіп, гол соғып үлгерді.
Оған қарамастан, клуб басшылығы жаттықтырушылар штабымен бірлесіп, вингерді Чемпионшиптегі "Бернлиге" жалға беру туралы шешім қабылдады. Дастан бапкердің сеніміне тез ие болып, қатарынан үш матчте негізгі құрамда алаңға шықты.
Қазақстандық футболшы әлі гол соғып немесе нәтижелі пас беріп үлгермесе де, жанкүйерлер оның ойынына тәнті болып жатыр, ал лига оны "Мидлсброға" қарсы соңғы кездесудің үздік ойыншысы деп таныды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Дастан Сәтбаевтың (@d.satpayev) жариялауы
Сәтбаевтың жаңа командасы үшін маусым әзірге сәтсіз басталды. Чемпионшиптегі алты матчтің үшеуінде команда жеңіліс тапса, үшеуінде тең түсті. Турнир кестесінде "Бернли" соңғының алдындағы орында келе жатыр.
