Мұрат Бөрібаев Жезқазған қаласының әкімі болды
Жаңа басшыны қала активіне Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен таныстырды. Бөрібаев 17 қыркүйектен бастап өз міндетіне кірісті.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
@ulytau_oblysy жарияланымынан
Бұған дейін Қайрат Шайжанов Жезқазған әкімі қызметінен кететінін мәлімдеді. Ол қаланы 2022 жылдың маусым айынан бері басқарып келген еді.
Жаңа әкім туралы не белгілі?
Мұрат Бөрібаев 1991 жылы дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін және Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
Бөрібаев еңбек жолын "Қазақмыс" кәсіпорнында, "Нұрқазған" байыту фабрикасында үшінші разрядты флотатор болып бастаған.2011–2012 жылдары фабриканың әкімшілік корпусында іс қағаздарын жүргізуші, кейін бақылау цехының шебері қызметін атқарды.2012–2013 жылдары байыту фабрикасының бас корпусының цех бастығы болды.2013–2014 жылдары Орлов кеніші байыту фабрикасының бас инженері лауазымын атқарды.2014–2015 жылдары №1, 2 және 3 Жезқазған байыту фабрикаларының №2 бас корпус цехын басқарды.2015-2017 жылдар аралығында Бөрібаев "Нұрқазған" фабрикасының директоры болды. 2017–2024 жылдары №1, 2 және 3 Жезқазған байыту фабрикаларын басқарды.2024 жылдың шілде айынан бастап Бөрібаев Сәтбаев қаласының әкімі қызметін атқарып келген болатын.
