Самокаттың жылдамдығын сағатына 90 шақырымға жеткізген: Алматыда жолдағы қайғылы оқиға видеоға түсіп қалды
Жылдамдықты асырып, тізгінге ие бола алмады
Оқиға Алматыдағы Шығыс айналма автожолында болған. Түнде 54 жастағы ер адам электрсамокатпен жолдың сол жақ шеткі жолағымен жүрген. Алдын ала мәлімет бойынша, жылдамдық сағатына шамамен 90 шақырым болған. Бір сәтте ер адам қатарлас келе жатқан көлікті басып озбақ болады, алайда тізгінге ие бола алмай, құлап түскен.
Камералар мен бейнетіркегіштер адамның құлаған сәтін түсіріп үлгерген. Ер адам ауыр жарақат алды.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы барды. Зардап шеккен адамды аман алып қалу мүмкін болмады - ол оқиға орнында көз жұмды.
"Оқиға бойынша соталды тергеу басталды. Қазіргі уақытта трагедияның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Алматы Полиция департаменті.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Алматы қаласының ПД жарияланымы (@almaty.police)
Полиция мәліметінше, жыл басынан бері Алматыда электрсамокаттардың қатысуымен 91 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл апаттардан 96 адам зардап шекті.
Самокаттар үшін қандай ережелер қолданылады?
2026 жылы Қазақстанда электрсамокат пайдаланушылары үшін жаңа талаптар күшіне енді. Атап айтқанда, жолдың жүру бөлігіне шығу үшін кәмелетке толған және жүргізуші куәлігі бар болуы шарт. 25 тамыздан бастап Алматыда электрсамокаттармен тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолында жүруге тыйым салынған.
Жалға берілетін самокаттар үшін жылдамдыққа қатысты техникалық шектеулер де бар: веложолдарда - сағатына 15 шақырымға дейін, басқа учаскелерде - сағатына 10 шақырымға дейін, мектептер мен ауруханалар маңында - сағатына 6 шақырымға дейін.
Тағы оқыңыз: Самокаттар қайда кетті? Полиция Алматыдағы айыппұл тұрағынан видео көрсетті
