Добавить новость
ru24.net
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22
23
24
25
26
27
28
29
30

Қазақстандық каратэші Азия ойындарының финалына шықты

0
Қазақстандық каратэші Әсел Қанай Азия ойындарының финалына жолдама алды. Бұл – 2026 жылғы Азияда финалына шыққан Қазақстан құрамасының үшінші өкілі, деп хабарлайды Tengri Sport.
Шымкенттік 25 жастағы Азия чемпионы әрі әлем чемпионатының қола жүлдегері мансабында алғаш рет Азия ойындарының финалына дейін жетті. Жартылай финалда Әсел камбоджалық Ванн Чакрияны 3:0 есебімен ұтты.
Алтын үшін таласта отандасымыздың қарсыласы қытайлық Ли Гонг болады. Ол жартылай финалда Оңтүстік Корея өкілін жарыстан шығарды.
Еске сала кетейік, 2026 жылғы Азияданың алғашқы күні каратэшілер Жоламан Биғабыл мен Софья Берульцева ел қоржынына үшінші және төртінші алтын медальді салды.
Фото: ҰОК/Сали Сабиров
Шымкенттік каратэші: Әсел Қанай туралы не білеміз?25 жастағы каратэші – ұлттық құрамадағы ең танымал спортшылардың бірі. Оның Instagram парақшасына 8 мыңнан астам адам жазылған.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Assel Kanay (@assel.kanay) жарияланымы


Әлеуметтік желі қолданушылары Әселдің жетістіктерімен қатар, оның сұлулығына да тәнті болады.

"Бұл қандай бірінші ханым?";"Көз тартарлықтай сұлусыз";"Сырты нәзік әрі сұлу болса да, іші қайсар жолбарыс сияқты", - деп пікір қалдыруда оқырмандары.

Айта кетейік, Әсел Қанай – Азияның екі дүркін чемпионы (61 келіге дейінгі салмақ дәрежесі және командалық жарыс), 2025 жылғы Әлем чемпионатының (61 келіге дейін) және 2022 жылғы Азия ойындарының (61 келіге дейін) қола жүлдегері.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Assel Kanay (@assel.kanay) жарияланымы


Биыл ол Жапониядан кем дегенде күміс жүлдемен оралатыны анық.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Assel Kanay (@assel.kanay) жарияланымы


Бұған дейін қазақстандық файтер Қадырбек Шынбаев өзбекстандық Нодирбек Шавкатовты жеңіп, Азия ойындарының финалына ММА бәсекесінде жолдама алған болатын.
Ал қазақстандық файтер Санжар Әділов ММА-дан Азияда тарихындағы алғашқы қазақстандық жүлдегер атанды.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса