Добавить новость
ru24.net
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Криштиану Роналдудың ұлы “Әл-Наср“ сапында дубль жасады: әкесі ӘЧ-2026-дан бері екі гол соқпаған

0
Кіші Криштиану Роналду 17 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы ел чемпионаты турында "Әл-Насрға" жеңіс сыйлады. Әкесі ұлының бұл жетістігіне үн қатты, - деп хабарлайды Tengri Sport әлеуметтік желілерге сілтеме жасап.
"Әл-Ахлиге" қарсы матчте "Әл-Наср" бірінші болып гол өткізіп алды. Алайда үзіліске дейін Криштиану Роналдудың ұлы екі рет қарсылас қорғанысын бұзып өтіп, дубль жасады.
Ойын "Әл-Насрдың" ерікті жеңісімен аяқталды, ал Криштиану әлеуметтік желіде соғылған голдардың видеосын жариялап, ұлы үшін мақтанатынын смайликтермен білдірді.
Фото: instagram.com/cristiano/
Айта кетейік, Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатының биылғы маусымында әлі бірде-бір рет дубль жасаған жоқ. Оның еншісінде жеті матчтен үш гол бар.
Роналду соңғы рет бір матчте екі голды әлем чемпионатының топтық кезеңінде соққан болатын. Ол кезде Өзбекстан құрамасының қақпасына гол салған еді.
Атақты португалдықтың ұлына келер болсақ, ол "Әл-Наср" сапында 2023 жылдан бері өнер көрсетіп келеді және жасөспірімдер командасының ел чемпионы атануына үлес қосып үлгерді. Сонымен қатар, кіші Роналду Португалия жасөспірімдер құрамасына дәл осы "Әл-Насрдан" шақырту алды.

Криштиану Роналдудың ұлы Криштиану-кіші ???????? бүгін "Әл-Наср" сапында "Әл-Ахлиге" қарсы ойында дубль жасап, өз командасына жеңіс сыйлады (2-1). ⚽️⚽️????ӘКЕСІНЕ ТАРТҚАН ҰЛ.???? @nfcwely pic.twitter.com/Uq2pTAtvth
— ActuCR7 (@ActuCR7_) September 20, 2026
Роналду биылдың өзінде ұлымен бірге бір матчте ойнауы мүмкін
БАҚ өкілдерінің пайымдауы бойынша, Криштиану Роналдудың мансабын мүмкіндігінше ұзақ жалғастыруына түрткі болған басты себептің бірі - ұлымен бірге ресми матчте алаңға шығу.
2026 жылғы сәуірде "Әл-Наср" 16 жастағы кіші Криштиануды осы маусымда-ақ негізгі құрамға қосу мүмкіндігін қарастырып жатқаны туралы ақпарат шыққан болатын, бірақ әзірге бұл жүзеге асқан жоқ.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Cristiano Ronaldo (@cristiano) жарияланымы



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса