Добавить новость
ru24.net
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Жәнібек Канелоға қарсы: Әлімханұлы аңызға айналған боксшының мәлімдемесіне жауап берді

0
Америкалық бокс жұлдызы, үш салмақ дәрежесіндегі бұрынғы абсолютті чемпион Теренс Кроуфорд Жәнібек Әлімханұлы үшін келесі қарсыласты таңдап берді, деп хабарлайды Tengri Sport.
Бокс аңызы Теренс Кроуфорд әлеуметтік желідегі парақшасында өзі көргісі келетін жекпе-жектердің тізімін жариялады.
Тізімде қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлы мен Эрнандес есімді боксшының (Кроуфорд кубалық Йоэнли Эрнандесті меңзеген болуы керек) арасындағы кездесу де бар.

Мен көргім келетін жекпе-жектер. Не ойлайсыздар?Иноуэ – БэмТанк – ШакурХейни – Гарсия 2Тео – КэттераллБутс – ВирджилКишон – АфрикаБенавидес – ДжейУсик – КабайелЖәнібек – ЭрнандесМураталла – РасселлНаваррете – ФостерЭспиноза – Кэррингтон- Теренс Кроуфорд (@terencecrawford) September 20, 2026Әлімханұлы бұл жазбаға бейжай қарамай, пікір қалдыру арқылы Теренс Кроуфордқа үн қатты.

"Бауырым, неге Жәнібек пен Канело емес?" - деп жазды Әлімханұлы.


Бауырым, неге Жәнібек пен Канело емес? ????
- Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) 21 қыркүйек, 2024 жылӘлімханұлы мен Канело жекпе-жегі: қазақстандықтың басты мақсаты
Бұған дейін Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтан команда мен боксшының мақсаты өзгеріссіз қалатынын - супер орта салмақтағы барлық төрт белбеуді жинау екенін атап өткен еді. Ол үшін осы санаттың басты жұлдыздарының бірі - мексикалық Сауль Альвареспен кездесу қажет болады.

"Егер жекпе-жек болса, Жәнібек Хамзаны нокаутқа түсіреді. Мұны бәрі біледі, Хамзаның өзі де біледі. Күтеміз және Хамзадан титулды тартып аламыз. Содан кейін Канеломен келіссөз жүргіземіз, өйткені біз үшін осы салмақтағы барлық титулды жинау басты басымдық", - деді менеджер.

Жаңа салмақтағы алғашқы белбеуді жеңіп алу үшін қазақстандық боксшы британдық Хамза Ширазбен жұдырықтасуы керек болатын.
Боксшылардың ұйымдары промоутерлік сауда тағайындап, оны чемпион тарапы жеңіп алған еді, алайда Шираздың өзі WBO белбеуінен өз еркімен бас тарту туралы шешім қабылдады. Әлімханұлы мен Шираз арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

WBO (@worldboxingorg) жариялаған жазба


Бұл жаңалықтан кейін Әлімханұлы Хамза Ширазға арнап жазба жариялады. Ол боксшыға құрметпен тіл қатып, болашағына сәттілік тіледі.

"Ол өз таңдауын жасады! Жолы болсын, Хамзаға тек сәттілік тілеймін! Артық сөз айтпаймын - оған қазір оңай емес! Бокс әлемі оны қатты сынап жатыр! Біз алға жылжимыз", - деп жазды Әлімханұлы.


Ол өз таңдауын жасады. Біз мұны көрдік. Ол туралы жаман ештеңе айтпаймын. Тек сәттілік тілеймін! Біз алға жылжимыз. Келесі кім?
- Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) 19 қыркүйек, 2026 жыл
Канело әзірге чемпиондық белбеусіз
Айта кету керек, әйгілі мексикалық боксшы Канело қазіргі уақытта супер орта салмақта ешқандай белбеуге ие емес және WBO рейтингінен шығарылған.
Сонымен қатар, 31 қазанда мексикалық WBC нұсқасы бойынша титулды жеңіп алуы мүмкін - ол жеңілмеген француз Кристиан Мбиллимен жұдырықтасады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Saul Alvarez (@canelo) жарияланымы



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса