Алматыда Төле би көшесінің екі учаскесінде қозғалыс шектеледі
Алматыда LRT жобасын іске асыруға байланысты Төле би көшесінің бірнеше учаскесінде қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды Tengri Auto.
25 қыркүйек сағат 23:00-ден 26 қыркүйек сағат 18:00-ге дейін Сейфуллин даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.
Сонымен қатар 26 және 27 қыркүйекте сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін Розыбакиев көшесінен Кәрімов көшесіне дейінгі учаскеде батыс бағытта қозғалыс шектеледі. Ол жерде реверстік қозғалыс ұйымдастырылады.
Учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Жүргізушілерге жүретін бағыттарын жоспарлау кезінде енгізілген шектеулерді назарға алу ескертілді.
Алматыдағы жабық жолдар
30 қыркүйек пен 15 қазан аралығында Қайрат шағын ауданында - Тараз және Бәйге көшелері қиылысынан Сұлутал мен Бәйге көшелерінің қиылысына дейін қозғалыс шектелген.
5 қыркүйектен 10 қазанға дейін Арықова көшесінің Жетісу көшесінен Жангелдин көшесіне дейінгі аралығында қозғалыс толық тоқтатылған.
