Добавить новость
ru24.net
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28
29
30

Алматыдан Ыстықкөлге 3 сағат: жоба кейінге қалдырылды

0

Алматыдан Ыстықкөлге баратын жолды 200 шақырымға қысқартуы тиіс жаңа жол жобасы әзірге кейінге қалдырылды. Көлік министрлігі құрылысқа неге басымдық берілмегенін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мән-жайы
Көлік министрлігінің мәлімдеуінше, қазір мемлекеттік ресурстар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін автожол және басқа да инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталған. Сондықтан қаржылық және институционалдық ресурстар бірінші кезектегі маңызы бар жобаларға жұмылдырылып отыр.
Атап айтқанда, 2026–2030 жылдарға арналған жоспарда Мемлекет басшысының тапсырмасымен қарастырылған автожолдарды салу және реконструкциялау жобаларын іске асыруға басымдық берілген. Олардың қатарында Қарағанды – Жезқазған, Орталық – Батыс, Ақтөбе – Ұлғайсын, Қызылорда – Сексеуіл, Бейнеу – Сексеуіл, Ұлғайсын – Сексеуіл бағыттары, сондай-ақ Қызылорда, Сарыағаш және Рудный қалаларын айналып өту жолдары бар.

"Алматы – Ыстықкөл жол жобасын іске асыру осы жоспарлау кезеңінде басымдығы төмен жоба ретінде айқындалды", - деп хабарлады Көлік министрлігі.

Министрлік бұл жобаны қарастыруға қайта оралу мәселесі алдағы уақытта стратегиялық инфрақұрылымдық бағдарлар нақтыланған кезде көтерілуі мүмкін екенін де атап өтті.
Жол 200 шақырымға жуық қысқаруы мүмкін еді
Еске сала кетейік, жаңа жол ұзындығы шамамен 460 шақырымды құрайтын қолданыстағы Алматы – Отар – Қордай – Бішкек – Шолпан-Ата бағытына балама ретінде қарастырылған болатын.
Оның орнына анағұрлым қысқа Алматы – Ұзынағаш – Кемин бағыты ұсынылған еді. Оның болжамды ұзындығы 277 шақырымды құрауы тиіс: оның 127 шақырымы Қазақстан аумағы арқылы, ал 150 шақырымы Қырғызстан аумағы арқылы өтеді деп жоспарланған.
Бұл ретте қажетті инфрақұрылымның бір бөлігі бұрыннан бар. Қазақстан аумағында шамамен 80 шақырым, ал Қырғызстанда 6 шақырымға жуық жолды жөндеу қажет болды.
2026 жылдың қаңтарында Tengrinews.kz сауалына берген жауабында Көлік министрлігі 2024 жылдың желтоқсанында Қазақстан мен Қырғызстан жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) дайындауды жеделдетуге және жол құрылысы бойынша практикалық жұмыстарды бастауға келіскенін айтқан болатын.
Ведомство мәліметінше, сауал жолданған сәтте ТЭН әзірлеу жұмыстары әлі де жалғасып жатқан. Ол 2026 жылдың қыркүйегіне дейін дайын болуы тиіс еді. Содан кейін тараптар жобаны іске асыру, соның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі арқылы жеке инвестицияларды тарту мүмкіндігі туралы түпкілікті шешім қабылдауы керек болатын.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса