Қазақстан құрамасының Азиададағы алтыны спортшының аяқ киім моделіне байланысты жойылды
Қазақстандық спортшы ел қоржынына алтын салғысы келгенін айтып, шектен тыс эмоциясы үшін кешірім сұрады және өзіне қолдау көрсеткен жандарға алғыс білдірді. Ол соңына дейін күрескенін жеткізіп, болған жағдайдың өзіне ауыр соққы болғанын атап өтті.
Тоқсанбаева мәреге 3 сағат 22 минут 20 секунд нәтижесімен бірінші болып келіп, құрама қоржынына тоғызыншы алтын медальды салуы тиіс еді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Публикация «QAZSPORT» телеарнасының ресми парақшасынан (@qazsport_official)
Алайда жарыс аяқталғаннан кейін қазақстандықтың нәтижесіне қатысты наразылық түсті. Хаттамада оның көрсеткішінің тұсына Protested деген белгі қойылды. Қарсыластары оның киген ASICS кроссовкасының моделі World Athletics рұқсат берген аяқ киімдердің ресми тізіміне сәйкестігіне күмән келтіріп, шағым түсіргені белгілі болды.
Бұған дейін Тоқсанбаева әлеуметтік желіде тіпті алтын медалін тартып алса да, қайта оралып, оны тағы да жеңіп алуға уәде берген болатын.
