Астанада 29 қыркүйекте үсік жүріп, қатты жел соғады
Астанада 29 қыркүйекте қатты жел соғып, үсік жүреді деп болжанады. Бұл туралы елорда әкімдігінің қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы құлағдар етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Елорданың Төтенше жағдайлар департаменті Қазгидрометке сілтеме жасап, күндіз солтүстік-шығыстан және шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–18 метрге дейін жетуі мүмкін екенін хабарлады.
"Түнде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді деп болжанады. Өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады", – делінген хабарламада.
Бұған дейін Қазгидромет 29 қыркүйекте күн құбылмалы, бірақ жауын-шашынсыз болатынын хабарлаған еді. Күндіз ауа температурасы +17...+19 градусқа дейін көтеріледі. Ал түнде температура +1...+3 градусқа дейін төмендейді.
Алдағы күндерге ауа райы болжамы:
30 қыркүйекте жауын-шашын болмайлы. Түнде +4...+6 градус, күндіз – +17...+19 градус болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді.
1 қазанда елордада жаңбыр жауады деп болжанады. Түнде температура +4...+6 градус, күндіз – +13...+15 градус болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді.
Қазақстанға үсік жүріп, жаңбыр жауады
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда алдағы күндері негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болатынын, бірақ 1 қазанда жағдай өзгеретінін хабарлаған болатын. Елдің басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай болжанады, ал солтүстік бөлігінде үсік жүреді. Толығырақ мына жерден оқыңыз.
