Добавить новость
ru24.net
World News
Сентябрь
2026

“Бір қабатта тұрған“: Петропавлда сегіз студент ауруханаға түсті

0

Петропавлда колледж студенттерінен терінің зең инфекциясы анықталды. Қазір мамандар инфекция көзін анықтау үшін эпидемиологиялық зерттеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Tengri Health тілшісі.
"Бір қабатта тұрған": не болды?
25 қыркүйекте көпбейінді облыстық ауруханадан "дене дерматофитиясы" алдын ала диагнозы қойылған сегіз пациент туралы шұғыл хабарлама түскен. Бұл туралы Петропавлдың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Анар Құрғынбаева айтты.
Дене дерматофитиясы - бұл дерматофиттер қоздыратын терінің зең инфекциясы. Сондай-ақ ауруды теміреткі (tinea corporis) деп те атайды. Әдетте инфекция кеуде, іш, арқа, қол немесе аяқ терісін зақымдайды.
Бөлім басшысының айтуынша, эпидемиологиялық зерттеу барысында мамандар науқастардың барлығы Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж жатақханасының бір қабатында тұратынын анықтады.
Олардың бөлмелері көрші орналасқан, ал студенттер арасында тығыз тұрмыстық байланыс бар. Қазір барлық білім алушы ауруханаға жатқызылды.
Инфекция көзі әлі табылған жоқ
Мамандар инфекция көзін және оның таралу жолын анықтау үшін колледжде және жатақханада эпидемиологиялық зерттеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

"Диагнозды растау үшін тері-венерологиялық диспансері патологиялық материалға зертханалық зерттеу жүргізіп жатыр", - деді Анар Құрғынбаева.

Студенттердің тұратын және оқитын жерлерінде қорытынды дезинфекция жасалды.

"Сондай-ақ колледж бен жатақханада эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды өткізу туралы қаулы шығарылды", - деп атап өтті бөлім басшысы.

Яғни, мамандар науқастармен байланыста болған студенттерді бақылауға алады. Сонымен қатар жатақханада тазалық пен дезинфекция жұмыстары күшейтіледі. Бұл инфекцияның одан әрі таралмауына септігін тигізуі тиіс, деп түсіндірді Петропавлдың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының баспасөз қызметі.
Эпидемиологиялық зерттеу жалғасып жатыр. Әзірге инфекция көзі анықталған жоқ.
Бұған дейін академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің студенттерінен туберкулез анықталғаны хабарланған болатын. Қазір Қарағанды санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеріс жүргізіп, науқастармен байланыста болуы мүмкін адамдар тобын анықтап жатыр.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса