Добавить новость
ru24.net
World News
Сентябрь
2026

Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ бағасы өзгереді

0
4 қазаннан бастап Алматыда коммуналдық ақылы тұрақтардың тарифтері өзгереді. Баға жолдардың жүктемесі мен тұрақ орындарына деген сұранысқа байланысты болады, - деп хабарлайды Tengri Auto.
Бұл қалай жұмыс істейді?
Көлік жүктемесі төмен жерлерде тариф сағатына 100 теңге деңгейінде сақталады. Жүктеме орташа учаскелерде баға сағатына 150 теңге болады. Ал тұрақ орындары тапшы, сұраныс ең жоғары аймақтарда - сағатына 200 теңге.


"Бұл ретте іргелес үйлердің тұрғындары үшін тұрғылықты жері бойынша тұрақтарды тегін пайдалану мүмкіндігі сақталады. Ақылы тұрақ аймағында тұратын үй иелері өз үйінің жанындағы таңдалған тұрақта бір көлік құралын тегін қоюға арнайы рұқсат рәсімдей алады", - деді ведомстводағылар.

Сондай-ақ пайдаланушылардың кейбір санаттары үшін жеңілдіктер сақталады.
Жаңа тарифтер тұрақ орындарын тезірек босатуға, тұрақ іздеу уақытын қысқартуға және тоқтау мен тұру қағидаларын бұзу жағдайларын азайтуға көмектеседі деп күтіледі.

Еске салайық, 18 қыркүйекте Алматы қалалық жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Ержан Диханбаев коммуналдық ақылы тұрақтардың тарифтерін өзгертуді ұсынған болатын.
Шешім жобасына сәйкес, тариф көлемі көлік жүктемесіне және нақты аумақтың функционалдық мақсатына байланысты болады.

"Жаңа тарифтік желі екі негізгі критерийге негізделген. Біріншісі – көлік жүктемесі. Екіншісі – аумақтың функционалдық мақсаты", – деді Диханбаев.

Тағы оқыңыз:
Алматыда автотұрақтар қымбаттайды: бірыңғай тарифтің орнына үш жаңа тариф енгізілмек



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса