Добавить новость
ru24.net
World News
Сентябрь
2026

“Люктен шығып, торт жасаған“: Түркістан облысында ерлі-зайыпты жазаланды

0

Желіде торт дайындаудың ерекше әдісі көрсетілген видео тарап, полицейлердің назарына ілікті, деп хабарлайды Tengri Auto.
Түркістан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сарыағаш ауданында әйел қозғалыстағы көліктің люгінен шығып, көлік төбесінде торт дайындап жатқанын видеоға түсірген.

"Аталған видеожазба азаматтың әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жарияланған. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер видеоны анықтап, KIA Ceed маркалы автокөлігі мен оның жүргізушісін жедел түрде анықтады", - деп атап өтті ведомство.

Тексеру кезінде рөлде оның күйеуі болғаны анықталды. Екеуіне де әкімшілік жаза қолданылды.
Полиция өкілдері әлеуметтік желі үшін трендке айналатын видео түсіру әрекеттері адам өмірі мен денсаулығына төнетін қауіпке тұрмайтынын ескертті.
Тағы оқыңыз: TikTok-та жол ережесін бұзғанын көрсеткен ер адам 8 тәулікке қамалды




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса