Добавить новость
ru24.net
World News
Сентябрь
2026

Қазақстанның бірінші ракеткасы Азиадада Өзбекстанды жеңіп, құрамаға жеңіс сыйлады

0
Қазақстандық теннисшілер Анна Данилина мен Александр Шевченко Азия ойындарындағы микст турнирінің екінші кезеңінде Өзбекстан дуэтін жеңді, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Данилина/Шевченконың Юлдашева мен Шинге қарсы матчі екі сетте 6:1; 7:5 есебімен аяқталды. Бұл жеңіс қазақстандық жұпқа 1/4 финалға шығуға мүмкіндік берді.
Айта кетейік, Анна Данилина - жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы. Ол әлемдік жұптық рейтингте алтыншы орында тұр.
Ал Шевченкоға келер болсақ, ол жекелей сындағы әлемдік рейтингтің 109-сатысында.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Anna Danilina-ның (@_annadanilina_) жарияланымы


2026 жылғы Азиададағы теннисҚазақстан құрамасы Азия ойындарында теннистің барлық түрінен - ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей және жұптық сындарда, сондай-ақ миксте бақ сынап жатыр.Қазіргі уақытта Данилина/Шевченко және Құламбаева/Жұқаев микс жұптары, Құламбаева/Жиенбаева және Данилина/Путинцева әйелдер жұбы, сондай-ақ жекелей сында Юлия Путинцева мен Александр Шевченко медальдар үшін күресті жалғастырып жатыр.
Теннис жарыстары 3 қазанға дейін созылады.
Бүгін Азиадада боксшылар - Алуа Балқыбекова, Наталья Богданова және Махмұд Сабырхан жартылай финалда жеңіліп, Қазақстан құрамасына үш қола медаль сыйлады. Қазақстан бокс федерациясы үш жекпе-жектің екеуінің нәтижесіне наразылық білдірді.
Ал дзюдошылар Елдос Сметов пен Әбиба Әбужақынова Азиаданың күміс жүлдегері атанды.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса