Добавить новость
ru24.net
World News
Октябрь
2026
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қазақстан кроссовка үшін Азиада алтынынан айырылды: кім жауапқа тартылады?

0
Қазақстанның Ұлттық олимпиадалық комитеті (ҰОК) Азия ойындарындағы жеңіл атлетика жарыстарының регламентіне, соның ішінде қатысушылардың аяқ киіміне қатысты ережелерге түсініктеме берді. Бұған Ясмина Тоқсанбаеваның экипировкасы талапқа сай келмеуіне байланысты ойындардың алтын медалінен айырылуы себеп болды, деп хабарлайды Tengri Sport.
Қазақстандық жеңіл атлет марафон дистанциясындағы спорттық жүрістен жеңіске жеткен болатын, алайда жарыс аяқталған соң оның нәтижесі жоққа шығарылды. Ясминаның кроссовкасы рұқсат етілген аяқ киімдер тізіміне кірмейтіні анықталды.
Tengri Sport ҚР ҰОК-қа мұндай жағдай қалай болғанын және бұған қай ұйым жауапты екенін түсіндіруді сұрап, сауал жолдады.
Қай ұйым жауапты? ҰОК мәлімдемесі
Қазақстан тарапынан қай ұйым және қай лауазымды тұлғабұл ережелер мен талаптарды спортшыларға, жаттықтырушыларға және ұлттық федерацияларға жеткізуге жауапты?
– Ұлттық спорт федерациялары тиісті халықаралық спорт федерацияларының аккредиттелген мүшелері саналады және халықаралық спорт аренасында Қазақстанның атынан тиісті спорт түрлері бойынша өкілдік етеді.
Халықаралық федерациялармен өзара іс-қимыл аясында олар қолданыстағы ережелер, техникалық талаптар, сондай-ақ оларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат алып, оның спортшыларға, жаттықтырушыларға және ұлттық құрамалардың персоналына уақтылы жеткізілуін қамтамасыз етеді.
Бұл бағытқа жауапты нақты лауазымды тұлғаны анықтау тиісті ұлттық федерацияның ішкі құзыретіне жатады.
Жауапта ҚР ҰОК спортшылардың экипировкасын тексеруді бақыламайтыны, өйткені бұл олардың құзыретіне кірмейтіні атап өтілген.

"Жеке жарыс экипировкасына қойылатын талаптарды тиісті халықаралық спорт федерациялары белгілейді. Ұлттық федерация халықаралық федерацияның мүшесі ретінде ол бекіткен ережелер мен техникалық талаптардың ұлттық деңгейде қолданылуын, соның ішінде жаттықтырушылар құрамы мен спортшыларға жеткізілуін қамтамасыз етеді.Тікелей жарыс кезінде техникалық ережелер мен талаптардың сақталуын бақылауды тиісті халықаралық спорт федерациясы және/немесе жарыс ұйымдастырушылары тағайындаған уәкілетті техникалық тұлғалар жүзеге асырады. Олар регламентте көзделген техникалық тексерулерді жүргізеді және белгіленген талаптарға сәйкессіздіктер анықталған жағдайда шешім қабылдайды", - делінген жауапта.

Экипировкаға қойылатын талаптар қашан жарияланды және ақпарат спортшыларға қалай жеткізілді?
ҚР ҰОК ақпараты бойынша, World Athletics-тің жарыс аяқ киіміне қойылатын жаңартылған талаптарын халықаралық федерация 2026 жылдың наурызында бекітіп, сәуірде күшіне енген.Бұдан бөлек, тікелей Азия ойындарындағы жеңіл атлетика жарыстары басталар алдында, 22 қыркүйекте техникалық кеңес өткізіліп, оған қатысушы барлық елдің бас жаттықтырушылары қатысқан.
Скриншот: asianathletics
Аяқ киімге қойылатын талаптар сол жерде айтылған, сондай-ақ презентация қатысушы барлық елдің жеңіл атлетикадан жаттықтырушылары қосылған чатқа жіберілген.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

TOXANBAYEVA YASMINA (@01yasm1na) жарияланымы


Егер талаптар алдын ала жарияланса, қай ұйым олардың жаттықтырушылар мен спортшыларға уақтылы жеткізілуін қамтамасыз етуі керек еді?
– World Athletics жарғысы мен ережелеріне сәйкес, World Athletics-ке мүше әрбір ұлттықфедерация халықаралық федерация белгілеген ережелер мен техникалық талаптарды сақтауға міндетті.
Ұлттық федерация халықаралық федерация құрылымындағы тиісті спорт түрінің өкілі болғандықтан, World Athletics ережелері мен олардағы өзгерістер туралы ақпарат осы федерация арқылы жаттықтырушылар құрамы мен спортшыларға уақтылы жеткізілуі тиіс.
Сондай-ақ ҰОК қазақстандық спортшының лайықты медалін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасағандарын атап өтті.

"Ясмина Тоқсанбаеваның нәтижесіне қатысты мәселе туындаған сәттен бастап, ҚР ҰОК World Athletics, Азия жеңіл атлетика қауымдастығы, Азия олимпиадалық кеңесі және Қазақстанның Жеңіл атлетика федерациясымен тұрақты байланыста болып отыр. Жаттықтырушылар штабы техникалық делегаттардан тіркелген ереже бұзушылық туралы ақпарат алғаннан кейін, ҚР ҰОК қалыптасқан жағдай туралы хабардар етілді. ҚР ҰОК өз құзыреті шеңберінде спортшыға барынша көмек көрсетті. Жеңіл атлетикадан жарыс регламенттерін түсіндіру және нормаларды нақтылау мақсатында халықаралық спорт ұйымдарымен байланыс орнатылды. Бұл ретте ҚР ҰОК ережелер 2026 жылдың сәуірінде күшіне енгенін, ал шешім қолданыстағы регламент негізінде қабылданғанын атап өтуге мәжбүр", - делінген жауапта.

Жарыс ұйымдастырушылары спортшылардың экипировкасын стартқа дейін тексеруі керек пе еді?
Айта кетейік, Туризм және спорт министрлігінің өкілдері жағдайға қатысты түсініктеме бере отырып, ҚР Жеңіл атлетика федерациясы қазақстандық спортшының нәтижесін жою туралы шешімге наразылық білдіргенін мәлімдеді. Федерация call room-да (старт алдындағы күту аймағы - ред. еск.) тексеріс кезінде ескертудің болмауы спортшыны аяқ киімін дер кезінде ауыстыру құқығынан айырғанын атап өтті.
ҚР ҰОК регламент бойынша ұйымдастырушылар старт алдында аяқ киімді тексеруге міндетті емес екенін түсіндірді.

"World Athletics спорттық аяқ киім жөніндегі ережесінің 12.3-тармағына сәйкес, аяқ киімді тексеру спортшы call room-да болған кезде емес, жарыс аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Осылайша, бұл жағдайда тексеру регламентте белгіленген рәсімге сәйкес жүзеге асырылды, ал ережеде тексеруді ерте кезеңде өткізу қарастырылмаған", - делінген жауапта.

Мұндай даулы жағдай қайталанбауы үшін не істеу керек?
ҰОК бұл жағдай болашақта спортшылар мен жаттықтырушыларды құлағдар етудің неғұрлым тиімді тетіктерін құруға түрткі болуы тиіс деп санайды. Осылайша, мұндай оқиғалардың қайталану қаупін барынша азайтуға болады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

TOXANBAYEVA YASMINA (@01yasm1na) жарияланымы


Тартып алынған медаль үшін Ясмина Тоқсанбаева қанша сыйақы алады?
Еске сала кетейік, Қазақстан заңнамасына сәйкес, спортшылар Азия ойындарының алтыны үшін 10 мың доллар алады. Ясминаның жағдайында Туризм және спорт министрлігінен бұл сома төленбейді.
Дегенмен, Жеңіл атлетика федерациясы Ясмина мәреге бірінші болып келгендіктен, оған дәл осы соманы өз қаражаты есебінен төлейтінін хабарлады.
Қазақстан кроссовка үшін Азиада алтынынан айырылды: не болды?



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса