Нейрожелі Наполеонның құпия хатын 217 жылдан кейін ашуға көмектесті
Басылымның жазуынша, бұл туралы шифрды шешумен айналысқан америкалық SentinelOne компаниясының жасанды интеллект жөніндегі инженері Картер Черч мәлімдеген.
Ол GPT-6 Astra жүйесін қолданған, жүйе шамамен алты сағат ішінде таңбаларды транскрипциялап, хаттың мазмұнын қалпына келтірген.
Хат 1809 жылы Наполеонның нұсқауымен оның өгей ұлы Эжен де Богарне арқылы сол кезде Далмациядағы француз әскерлерін басқарған генерал Мармонға жіберілген. Мәліметті алған Мармон Наполеон армиясымен бірігуге мүмкіндік алып, Ваграм шайқасында көзге түсті және маршал шенін иеленді. Құжаттың құпия кілті осы уақытқа дейін жоғалған деп есептеліп келген еді.
Құжатта 1,3 мыңға жуық шифрланған бірлік пен 155 түрлі таңба, соның ішінде сандар, әріптер мен арнайы белгілер болған. Шифр кілті сақталмаған. Жасанды интеллект шифрды шешу үшін бұған дейін анықталған 33 таңбаның мағынасын негізге алып, қалғандарын имитациялық күйдіру әдісі арқылы қалпына келтірді.
Алынған нұсқалар француз тіліндегі мәтіндермен және Мармонның сақталған еңбектерімен салыстырылды. Хатта Наполеон Мармонға Австриямен соғыс қарсаңындағы француз және одақтас армиялардың орналасуы туралы хабарлаған. Атап айтқанда, император Австрияға бірнеше бағыттан бір мезгілде шабуыл жасалатынын және оның тез арада жеңіліске ұшырайтынын ескерткен.
"Австрияға барлық тараптан бір мезгілде шабуыл жасалады. Демек, ол қарқынды түрде өз ажалына бет алып барады", - деп жазған ол.
Мен GPT-6 Astra-ны Наполеон генералдарының біріне жолдаған, 217 жыл бойы оқылмай келген құпия шифрды шешу үшін пайдаландым. Бұл жердегі ең таңғаларлық жайт шифрдың шешілуі емес, Astra-ның бүкіл мультимодальды жұмыс процесін бір ғана сурет пен қойылған мақсат негізінде шамамен 6 сағат ішінде аяқтауында.1/6???? pic.twitter.com/vyiGKOsrHq
— Carter Church (@CarterWChurch) 2026 жылғы 30 қыркүйек
Еске сала кетейік, бұған дейін Anthropic, SpaceXAI, OpenAI және Google DeepMind басшылары қауіпсіздікті жылдамдық пен қаржылық өсімнен жоғары қойып, ЖИ-модельдерінің дамуын тежеуге шақырған болатын.
ЖИ бақылаудан шығып кетті ме? OpenAI модельдердің күтпеген әрекеттері туралы айтып берді
