Добавить новость
ru24.net
World News
Октябрь
2026
1 2 3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Астанада қар жауып, Алматыда күн суытады: 3–5 қазанға арналған болжам

0

"Қазгидромет" Астана мен Алматыдағы алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. 3, 4 және 5 қазанда мегаполистерде ауа райы қандай болатыны Tengrinews.kz материалында.

Болжам бойынша, жақын күндері Астана мен Алматыда ауа райы күрт өзгереді. Елордада қар жауып, қатты жел соғады, ал Алматыда +27 градус жылыдан кейін жаңбыр жауып, күн суытады.

Астанадағы ауа райы

3 қазан көшпелі бұлт шығады, күннің соңында аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +9...+11 градус, күндіз +19...+21 градус.

4 қазанда көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр, күннің соңында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні 15-20, кей уақытта секундына 25 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +5...+7 градус, күндіз +8...+10 градус, кейін одан әрі төмендейді.

5 қазан бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20, екпіні секундына 23-28 метр, күндіз кей уақытта 30 метр және одан да көп болады. Ауа температурасы түнде 0...+2 градус, күндіз +3...+5 градус.

Алматыдағы ауа райы

3 қазан көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +9...+11 градус, күндіз +22...+24 градус.

4 қазанда күн райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундіне 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +12...+14 градус, күндіз +25...+27 градус жылы болады.

5 қазан көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, түнде кей уақытта қатты жаңбыр болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, кей уақытта екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде +8...+10 градус, күндіз +12...+14 градус.

Қазақстанда күн күрт суытады

Бұған дейін синоптиктер 3-5 қазан аралығында Қазақстанға қуатты солтүстік циклоны келетінін хабарлаған болатын: жаңбыр, қар, көктайғақ болып, жел күшейеді деп күтілуде. Толық болжам осы жерден оқыңыз.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса