“Жеңісті тартып алды“: әлем чемпионы медаль тапсыру кезінде эмоциясын тежей алмады
Наталья Богданова 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азияданың қола жүлдегері атанды. Жартылай финалда қазақстандық әлем чемпионы үндістандық Ловлина Боргохайннан жеңіліп қалды, ол соңында алтын медальді иеленді.
Марапаттау рәсімінде журналистер оның жүзінен жас байқады.
Еске салайық, Қазақстан бокс федерациясы Богданова мен Махмұд Сабырханның Азияданың жартылай финалындағы жекпе-жектерінің қорытындысы бойынша төрешілердің әділетсіз шешіміне наразылық білдірген болатын.
"Біз қазір наразылық білдірдік, шешіммен келіспейміз. Богданова да, Махмұд та таза жеңіске жетті. Төрешілердің біз келіспейтін шешімдеріне қатысты наразылығымызды осында, Азия конфедерациясына да, World Boxing ұйымына да білдірдік. Сондықтан шешіммен келіспейміз, ашығын айтқанда, ол жерде жеңісті тартып алды", - деді ҚБФ атқарушы директоры Рауан Игенев тілшімізге берген сұхбатында.
Айта кетейік, наразылық жекпе-жек нәтижесіне әсер ете алмайды - регламентте кездесу қорытындысын жою процедурасы қарастырылмаған.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan) жариялаған жазба
“Жеңісті тартып алды“: Қазақстан бокс федерациясы Азиадада наразылық білдірді
Бұған дейін Төрехан Сабырхан бокстан Қазақстан құрамасына Жапониядағы Азия ойындарының алғашқы алтынын әперген болатын.
12 жылдан кейінгі алғашқы Азиада алтыны: Төрехан Сабырхан қалай тарихқа енді?
