Добавить новость
ru24.net
World News
Октябрь
2026
1 2 3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Тоқаев Германия президенті мен канцлеріне құттықтау жеделхаттарын жолдады

0

Мемлекет басшысы Германия бірлігі күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

????????Қасым-Жомарт Тоқаев Федералдық президент Франк-Вальтер Штайнмайерді және Федералдық канцлер Фридрих Мерцті ұлттық мереке – Германия бірлігі күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы бұл Германияның табанды әрі жасампаз күш-қуатын, өркендеу жолындағы нық қадамын танытатын айтулы күн екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Президент жуырда Германияға жасаған ресми сапарында жылы қарсы алып, қонақжайлық танытқаны үшін шынайы ризашылық білдіріп, мазмұнды өткен келіссөздерді жоғары бағалады.

Мемлекет басшысы Берлинде қол жеткізілген уағдаластықтар қазақ-герман стратегиялық серіктестігін кеңейтуге және басым салаларда бірлескен жобаларды іске асыруға жол ашатынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайер мен Фридрих Мерцтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Германия халқына бақ-береке тіледі.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса