Добавить новость
ru24.net
World News
Октябрь
2026
1 2 3 4 5 6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қатты жел жалынды үдетіп жіберген: Астанада бес көлік өртенді

0
Астанадағы көше тұрақтарының бірінде өрт шықты. Қатты жел салдарынан жалын жақын маңда тұрған автокөліктерге тез жайылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Тілсіз жау бес көлікті шарпыды
Өрт бүгін Сарайшық ауданындағы Ахмет Байтұрсынов көшесінде орналасқан тұрғын үй кешенінің маңында болған.
Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткенде, бес автокөлік те ашық жалынмен жанып жатқан. Қатты жел оттың қатар тұрған машиналарға жедел таралуына себеп болған.
Өрт сөндірушілер жеті минут ішінде келіп, тілсіз жауды жедел ауыздықтады.
Құтқарушылар қатты жел кезінде оттың өте жылдам таралуы мүмкін екенін ескертеді. Өрттің алғашқы белгілері байқалған жағдайда шұғыл түрде төтенше жағдайлар қызметіне хабарласу қажет.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің (@112astana) жарияланымы


Еске сала кетейік, бұған дейін елордалық құтқарушылар Есіл ауданындағы Сауран көшесінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйден шыққан өртті сөндірген болатын. Өрттің аумағы 50 шаршы метрді құрады. Жоғарғы қабаттардан 17 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылды. Зардап шеккендер жоқ.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса