Добавить новость
ru24.net
World News
Октябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

“Сегіз рет алуым керек еді“: Трамп Нобель сыйлығы туралы пікір білдірді

0
АҚШ президенті Дональд Трамп адам құқықтарын қорғауға және халықаралық құқықты дамытуға еңбек сіңірген оңтүстікафрикалық заңгер Наванетхем (Нави) Пиллэйге Нобель бейбітшілік сыйлығының берілуіне қатысты пікір білдірді. Америка басшысы Truth Social әлеуметтік желісінде жазба жариялап, бұл марапатқа өзгелерден гөрі өзін лайық санайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Трамптың айтуынша, ол Нобель бейбітшілік сыйлығының жаңа иегері туралы ештеңе білмейді, тіпті оның қандай еңбек сіңіргенінен де хабарсыз. Ал өзі сегіз соғысты тоқтатқанын айтып, бір емес, сегіз Нобель сыйлығын алуға лайық екенін мәлімдеді.
Америка президенті өзінің пайымдауынша, өзі реттеген барлық 8 соғысты тізіп шықты:

Камбоджа мен Таиланд;
Косово мен Сербия;
Конго Демократиялық Республикасы мен Руанда;
Пәкістан мен Үндістан;
Израиль мен Иран;
Мысыр мен Эфиопия;
Армения мен Әзербайжан;
Израиль мен Хамас.


"Бұған қоса, мен Иранның ядролық қару жасап, бүкіл Таяу Шығысты, тіпті одан тыс аймақтарды да апатқа ұшыратуына жол бермедім! Мен тарихта ешкім құтқармаған мөлшерде адам өмірін сақтап қалдым. Былтырғы Нобель сыйлығын маған табыстаған кезде Мария Корина Мачадо бұқаралық ақпарат құралдарына: "Дональд Трамп көптеген соғысты тоқтатты. Сондықтан ол Нобель бейбітшілік сыйлығын осы уақытқа дейін алған кез келген адамнан артық лайық", – деп мәлімдеді. Бейбітшілікті орнату жолындағы бұрын-соңды ешкім қол жеткізбеген жетістіктерімді ескерсек, мен бұл пікірмен келісемін!" - деп жазды Трамп.

АҚШ президенті өз жетістіктерінің қатарында "әлемдегі ең зұлым диктатор Николас Мадуроны Венесуэла билігінен кетіргенін және қазір Венесуэланы бай әрі демократиялық елге айналдыру жолында жұмыс істеп жатқанын" да атады.

"Мен Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея, сондай-ақ, Жапония мен Солтүстік Корея арасында соғыс басталуына жол бермей келемін. Бұған Қытай мен Тайваньды және өзге де көптеген шиеленісті аймақты қосыңыз. Бұл жерлерде соғыстың тұтанбауына тек президент Дональд Дж. Трамп пен Америка Құрама Штаттары ықпал етті", - делінген жазбада.

Осындай және өзге де жетістіктеріне қарамастан, Трамптың сөзінше, Нобель сыйлығы "Біріккен Ұлттар Ұйымында қызмет еткен, бұрын ешкім естімеген либерал көзқарастағы әйелге" берілген.

Мен тоқтатқан соғыстың ешқайсында БҰҰ-дан көмек сұраған емеспін. Өйткені олардан еш пайда болған жоқ. Мен президент ретінде басқарып отырған Америка Құрама Штаттары Нобель бейбітшілік сыйлығын алуға тиіс еді, бірақ алмады. Бұл – Норвегияның беделіне түскен, ешқашан ұмытылмайтын қара дақ. Демократияға қарсы шығып, өркениетке жау болған бір уыс радикал идеолог Нобель бейбітшілік сыйлығының беделін біржола түсірді!" - деп түйіндеді Трамп.

Бұған дейін 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығы Оңтүстік Африка Республикасының заңгері Наванетхем (Нави) Пиллэйге берілгені белгілі болды. Ол әскери қылмыстар, адамзатқа қарсы қылмыстар мен геноцидке қатысты сот процестеріне қатысқан.
Жыл басында Дональд Трампқа Нобель бейбітшілік сыйлығының медалі табысталған болатын. Оны 2025 жылы осы марапатқа ие болған венесуэлалық оппозициялық саясаткер Мария Корина Мачадо берген. Мачадо Трамптың Венесуэлаға жасаған шабуылы үшін Нобель бейбітшілік сыйлығына лайық екенін айтқан еді.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса