Добавить новость
ru24.net
World News
Октябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Балиде бензин таусылды: жүргізушілер жанармай бекеттерінде сағаттап кезекте тұр

0
Индонезияның Бали аралында отынның ең көп сұранысқа ие түрлерінің тапшылығы салдарынан автожанармай құю станцияларында ұзын-сонар кезек пайда болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz DetikBali басылымына сілтеме жасап.
Жергілікті журналистер мен куәгерлердің мәліметінше, аралдағы ондаған жанармай бекетінде бензин қоры таусылған.
Соның салдарынан скутер мен автомобиль жүргізушілеріне бірнеше сағат бойы кезекте тұруға, жанармайдың қымбат түрлерін сатып алуға немесе көліктерін итеріп жүруге тура келген.
Жанармай кезегіне байланысты кептеліс қаупі туындаған жолдарда реттеушілер жұмыс істей бастады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

detikbali (@detik_bali) жарияланымы


Индонезияның PT Pertamina Patra Niaga мемлекеттік мұнай-газ компаниясының түсіндіруінше, іркілістер отынның тапшылығынан емес, логистикалық ақаулардан туындаған. Балиге бензин тасымалдайтын теңіз танкерлері жолда кешігіп, ал жанармай бекеттеріне жеткізу жұмыстарына жол кептелістері кедергі болған көрінеді.
Компания мәселені шұғыл шешу үшін аралға қосымша 26,2 мың килолитр отын жіберілгенін және жақын күндері жанармай бекеттеріндегі жағдай толық тұрақталуы тиіс екенін мәлімдеді.
Бұған дейін Қазақстанда сапасыз бензин салдарынан бұзылған көлікті жөндеу шығынын өтеу ұсынылғаны туралы жазған болатынбыз.
Тағы оқыңыз: Қазақстанның бірнеше өңірінде сапасыз бензин анықталды

Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса