Добавить новость
ru24.net
World News
Октябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Роналду өзбекстандықтарға тағы гол соқты: рекордқа дейін қанша қалды?

0
Португалиялық футбол жұлдызы Криштиану Роналду мансабындағы мыңыншы гол межесіне тағы бір қадам жақындады. Бұл жолы Өзбекстанның "Нефтчи" командасының қақпасына гол соқты, деп хабарлайды Tengri Sport.
Криштиану Роналду өнер көрсететін Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы АФК Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде өзбекстандық ұжыммен кездесті.
42-минутта Роналду айып алаңындағы әріптестерінің пасына дер кезінде үн қатып, қарсылас қақпашысын қапы қалдырды. Есеп – 2:0.
Матч қорытындысы бойынша "Әл-Наср" 3:1 есебімен жеңіске жетті, бұл – саудтық клубтың Чемпиондар лигасының жаңа маусымындағы алғашқы жеңісі.

???? CRISTIANO RONALDO SCORES GOAL NUMBER 981 A TURN AND VOLLEY ???? https://t.co/lk9ReEtkJh
— Baller HQ (@FootballerHQ) 12 қазан, 2026 жыл
Айта кетейік, Криштиану Роналду осы маусымда өзбекстандықтарға бұған дейін де гол салған болатын. Әйгілі форвард Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі матчте дубль жасап, Португалия құрамасы қарсыластарын 5:0 есебімен ойсырата жеңген еді.
Криштиану Роналду 1000 гол жолында
"Нефтчи" қақпасына соғылған доп Криштианудың мансабындағы 981-ші голы болды. Ол футбол тарихында мың гол межесін бағындырған алғашқы ойыншы атануы мүмкін.
Қазіргі уақытта рекордқа дейін 19 гол қалды. Алдыңғы маусымдардағы көрсеткішіне қарағанда, Роналдудың 2027 жылдың мамырына қарай бұл белесті бағындыруға мүмкіндігі бар.

"Бүгінгі кештегі маңызды жеңіс. Алға жылжуды жалғастырамыз", - деп жазды Криштиану кездесу аяқталған соң Instagram парақшасында.

Айта кету керек, Криштиану Португалия құрамасынан дау-дамаймен кеткеннен кейін бұл міндет сәл қиындай түсті. Ол ұлттық құраманың алдағы матчтеріне қатыспауы мүмкін.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Cristiano Ronaldo (@cristiano) жарияланымы


Бұған дейін "Барселонаның" Лионель Мессидің қоштасу матчін өткізуді жоспарлап отырғаны белгілі болған.
Ал португалиялық БАҚ-та Криштиану Роналдудың бір жыл бұрынғы сұхбаты жарияланды, онда ол өзін футбол тарихындағы үздік ойыншымын деп атайды.

Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса