Аспан алып медузаға айналған: ерекше құбылыс видеоға түсіп қалды
13 қазан күні таңертең SpaceX компаниясының Халықаралық ғарыш станциясына жүк миссиясын ұшыруы бақылаушыларға ерекше көрініс сыйлады. Аспанда алып медузаны еске түсіретін жарқыраған із пайда болды. NASA фотосуреттерді жариялады, ал әлеуметтік желі қолданушылары өз кадрларын бөлісіп, көргендерін талқылай бастады.
Зымыран аспанда неге жарқыраған "медуза" қалдырды
NASA мамандары бұл ерекше эффект зымыранның пайдаланылған газдарының ізіне күн сәулесі түскендіктен пайда болғанын түсіндірді.
"13 қазан күні таңертең біздің ХҒС-қа бағытталған SpaceX CRS-35 жүк миссиясы сөреге шыққанда, зымыранның газ ізі күн сәулесімен жарқырап, аспанда медузаға ұқсайтын бейне түзілді. Мұндай құбылыс зымыран күн батар алдында ұшырылғанда да болуы мүмкін", - делінген агенттік хабарламасында.
Мұндай құбылыс күн батар алдындағы ұшырылымдар кезінде де туындауы ықтимал. Жерде әлі қараңғы немесе таң енді сылаң беріп келе жатқанда, жоғары көтерілген ізге күн сәулесі түсіп үлгереді. Қараңғы аспан аясында ол өте жарық әрі ерекше көрінеді.
NASA сонымен қатар бұл көріністің бірнеше нұсқасын көрсетті: кейбір суреттерде жарқыраған ізі бар отты доға көрінсе, басқаларында - таң алдындағы аспан аясындағы нұрлы бұлттар бейнеленген. Кадрлардың бірінде олар иірімделген көгілдір түтін массасына ұқсайды.
Instagram-дағы бұл жазбаны көру
A post shared by NASA (@nasa)
Желі қолданушыларының реакциясы
SpaceX ұшырылымының суреттері әлеуметтік желілерде тез тарап кетті. АҚШ-тың түрлі аймақтарындағы желі қолданушылары да ерекше шұғыланы байқағандарын хабарлады.
"Тампаның солтүстігінен біз де мұны көрдік", "Бұл Алабама штаты, Монтгомери ауданы", "Шарлотт, Солтүстік Каролина!", "Мұның жай ғана зымыран болып шыққанына көңілім қалды. Мен болсам Әлем қақ жарылып, ұшақ терезесі сынғандағы герметизацияның бұзылуы сияқты бәрімізді сыртқа тартып кете ме деп үміттенген едім. Эх... Мүмкін, келесі жолы болар", - деп жазды пікір қалдырушылар.
Скриншот: Threads
Жарияланымдар миллиондаған қаралым жинады. Сонымен қатар ерекше шұғыла барлық жерде бірдей көрінген жоқ: Еуропадан келген кейбір қолданушылар жауап ретінде үйреншікті түнгі аспанның суреттерін жүктеді.
Скриншот: Threads
"Ғарыштық медуза" Қазақстанда көрінді ме?
Осыған ұқсас кадрлар бұған дейін Қазақстанда да пайда болған еді. Қыркүйек айында алматылық фотограф Дмитрий Доценко зымыран ұшырылғаннан кейінгі аспандағы ерекше ізді түсіріп алған болатын. Ол кезде бақылаушылар "Прогресс МС-35" ғарыш кемесін байқаған еді.
Instagram-дағы бұл жазбаны көру
A post shared by Дмитрий Доценко / Фотограф Алматы (@dots_foto)
В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты бұл шұғыланың зымыран ұшырумен байланысты екенін растады. Институт мамандары оның ұшуын обсерваториядан бақылаған. Светлана Мошкинаның айтуынша, ұшырылым 18:34-те жүзеге асырылған.
Сол зымыранның ұшу сәтін өзге өңірлердің тұрғындары да жариялады: ол, атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында және Қаскелеңде байқалған.
Тағы оқыңыз: НЛО, комета әлде зымыран сынықтары ма? Қазақстан аспанында түнде не ұшып өтті?
