Добавить новость
ru24.net
World News
Октябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Ең төменгі жалақы 2027 жылы көтерілуі мүмкін

0

Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшерін өзгерту жоспарына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл көрсеткіш келесі жылы көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жұманғарин Құрылтайда өткен брифингте тиісті мәселе Үкімет пен Президент Әкімшілігі деңгейінде талқыланып жатқанын айтты.
Анықтама: ЕТЖ - ең төменгі жалақы, толық жұмыс істелген айлық норма үшін заңмен белгіленген еңбекақының ең төменгі мөлшері. Қазақстанда 2026 жылы ол 85 мың теңге.
Шенеуніктің айтуынша, бюджет жобасында әзірге 85 мың теңге көлеміндегі ЕТЖ көзделген. Бұл ретте Үкімет жалақыны көтерудің түрлі нұсқасын қарастырды, бірақ олар әзірге бюджетке енгізілген жоқ.

"Жақын арада нәтиже жарияланады деп ойлаймын, бірақ нақты мерзімін айта алмаймын", - деді министр.

Журналистер талқылауды бюджеттің бірінші оқылымына дейін өткізуге уәде берілгенін, алайда ЕТЖ мөлшері өзгеріссіз қалғанын еске салды. Жұманғарин бюджет үш оқылымнан өтетінін және талқылауға әлі уақыт бар екенін айтып жауап берді.

"Бұл - жақын болашақтың мәселесі. Егер көтеру туралы шешім қабылданса, ол келесі жылдан бастап күшіне енеді", - деп толықтырды ол.

Қазақстанда ЕТЖ көтеру мәселесі
Қазақстанда ең төменгі жалақы 2024 жылдан бері 85 мың теңге - сол кезде ол 70 мың теңгеден көтерілген болатын. 2025 жылы депутаттар ЕТЖ-ны 110 мың теңгеге дейін арттыруды ұсынды. Серік Жұманғарин бұл өсімнің "ауылы алыс емес" екенін айтты, бірақ күте тұруға шақырды. Кейін Үкімет бұл мәселені 2027–2028 жылдары қарайтындарын хабарлады.
2026 жылы талқылау жалғасты: ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин ЕТЖ екі есеге жуық - 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін екенін айтты. Серік Жұманғарин бұл нұсқа пысықталып жатөанын, бірақ шешім бюджеттің мүмкіндіктеріне байланысты болатынын атап өтті. Бұл ретте 2027–2029 жылдарға арналған бюджет жобасында ЕТЖ-ны 85 мың теңге деңгейінде сақтау ұсынылды.
2027 жылға арналған бюджет жобасында да ЕТЖ өзгеріссіз - 85 мың теңге деп көрсетілген, ал АЕК 4 693 теңге болады (2026 жылы АЕК мөлшері 4 325 теңге болады).


Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса