Добавить новость
ru24.net
World News
Октябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Әскери қызметшілер ісі бойынша тәркіленген мүлік: Астанада сатылымға шығарылған зәулім үй туралы не белгілі?

0

Бұған дейін Tengri Home Астанада ауданы бірнеше жүз шаршы метр болатын екі қабатты зәулім үй саудаға шығарылғаны туралы хабарлаған болатын. Елорда әкімдігі редакцияның сауалына жауап беріп, бұл үй мемлекет меншігіне қалай өткенін және бұған бұрынғы әскери қызметшілер ісінің қандай қатысы бар екенін айтып берді.
"Депутаттар қалашығындағы" бөліп төлеуге болатын зәулім үй
Еске сала кетейік, Астанадағы "депутаттар қалашығында" орналасқан екі қабатты зәулім үй саудаға шығарылды. Үйдің аукциондағы бастапқы бағасы - 657 миллион теңге.
Астанада саудаға шығарылған коттедж. Фото: e-Qazyna.kz порталы
Үйдің ауданы 684,8 шаршы метр. Ішінде еденнен төбеге дейінгі панорамалық терезе, жеке бассейн, екі бу бөлмесі, асханасы бар кең асүй, киім бөлмесі және гараж бар. Аумақ тәулік бойы күзетіледі.
Астанада саудаға шығарылған коттедж. Фото: e-Qazyna.kz порталы
Сауда сайтындағы суреттерге қарағанда, коттедждегі жөндеу жұмыстары аяқталу сатысында болған, бірақ бұрынғы иесі оған қоныстанып үлгермеген - бірқатар бөлмеде шам да орнатылмаған, жиһаз жоқтың қасы.
Сауда-саттық 2026 жылғы 16 қазанда өтуі тиіс еді, бірақ әлеуетті сатып алушылардың болмауына байланысты ол өтпеді деп танылды.
Зәулім үй Астана әкімдігінің меншігіне қалай өтті?
e-Qazyna.kz порталында нысанды сатушы ретінде "Astana" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы көрсетілген, алайда ӘКК бұл мүлікке иелік етіп отырғанына небәрі бірнеше ай болған.
2026 жылдың сәуірінде елорда әкімі Жеңіс Қасымбек "Astana" ӘКК жарғылық капиталын ұлғайту туралы қаулыға қол қойып, осы зәулім үйді жер учаскесімен бірге компанияның теңгеріміне өткізген.
Бұған дейін бұл жылжымайтын мүлік Астана әкімдігі жанындағы қалалық "Тұрғын үй қоры" есебінде болған.
Астана әкімдігінің Tengri Home сауалына берген жауабынан элиталық жылжымайтын мүлік мемлекет меншігіне тәркіленген мүлік ретінде өткені белгілі болды.

"Алматы гарнизоны Әскери сотының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы №7210-23-00-1/27-1 үкіміне сәйкес, жоғарыда аталған тұрғын үй мемлекет пайдасына тәркіленді. Осыған байланысты, сот актісін орындау аясында "Астана қаласының Әділет департаменті" РММ басқармаға тәркіленген тұрғын үйді Астананың коммуналдық меншігіне өткізу туралы хатпен жүгінді", - деп хабарлады Астана әкімдігі редакция сауалына.

Әскери сот қандай істі қараған болуы мүмкін?
Ашық дереккөздерден Алматы гарнизоны Әскери сотының үкім шыққан күн бойынша біз бір ғана, бірақ бұрынғы шекарашылардың атышулы ісін таба алдық (бұл мұндай соттардың жабық режимде өтуіне байланысты). Бұл іс бойынша Астанадағы бір үй тәркіленген болатын. Дегенмен, редакция бұл іс нақты саудаға шығарылған зәулім үймен байланысты деп кесіп айтпайды.
Сонымен, 2023 жылғы 14 желтоқсанда Алматы гарнизонының әскери соты ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары - Қазақстан Шекара қызметінің экс-директоры Дархан Ділманов пен оның сыбайластарына қатысты айыптау үкімін жариялады, деп хабарлады іс аяқталған нақты күнді Time.kz желілік басылымы.
Сот кейін таратқан ақпаратқа сәйкес, Дархан Ділманов пен бір топ лауазымды тұлға ауыр зардапқа әкеп соққан билікті асыра пайдаланды, сондай-ақ ірі мөлшерде пара алды деп айыпталған.

"Д.Е. жүктерді өткізу пункті арқылы Қытайдан Қазақстанға ауыстырып тиеудің әзірленген қылмыстық схемасы және оны енгізуге жәрдемдесу қажеттілігі туралы мәліметтерді Д.Д.-ға жеткізді, бұл ретте белгіленген схема сәтті жұмыс істеген жағдайда ол бұдан белгілі бір табыс алатынын нақтылады. Бақылау пункті арқылы тауарды одан шықпай және жалпы кезекті айналып өтудің заңсыз схемасы енгізілуіне байланысты 1750 рейс жасалды, салдарынан ірі шығын келтірілді", - деп хабарлады сол кезде сот.

Сот баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушылар кінәсін толық мойындаған. Дархан Ділманов мүлкі тәркіленіп, төрт жылға бас бостандығынан айырылды.
"Время" басылымы сотталған сегіз адамның ішінде үшеуінің мүлкі тәркіленгенін хабарлады (негізінен көліктер мен ақша, ал жылжымайтын мүлік Ділмановта ғана болған).

"Ділмановтың тәркіленген мүлкі - Астанадағы Ю.В. Попов деген азаматтың атына тіркелген тұрғын үй (Шекара қызметінің бұрынғы директорының сенімді адамы болса керек). Сонымен қатар мемлекет пайдасына 7750 доллар, 5 829 000 теңге, 10 000 ресей рублі және 2021 жылы шыққан элиталық Lexus LX 570 жол талғамайтын көлігі өтті", - делінген материалда.

Іс бойынша екінші фигурант бес жылға бас бостандығынан айырылды, қалғандары бас бостандығын шектеу және айыппұлмен құтылды.
2025 жылдың тамызында Дархан Ділманов жазасын өтеп, бостандыққа шықты.
Ескерту: редакция саудаға шығарылған зәулім үй нақты Дархан Ділмановқа тиесілі болды деп кесіп атпайды.
Тағы оқыңыз: Астанада олигархтардан тәркіленген пәтерлер саудаға шығарылды: фото


Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса