Добавить новость
ru24.net
World News
Октябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

“Адамдар есіктің түбінде тұрады“: Алматыда лық толы автобус видеоға түсіп қалды

0
Алматы тұрғындары №118 бағыттағы автобустың лық толы болатынына шағымданды. Жолаушылардың айтуынша, қарбалас уақытта қоғамдық көлікке адам сыймайтындықтан, есігі жабылмай қалады. Қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Адамдар баспалдақта ілініп тұрады"
Алматылық тұрғын шағымын әлеуметтік желіде бөлісті. Оның айтуынша, таңғы сағат 07:30 шамасында жолаушылар лық толы автобуспен жүруге мәжбүр, кейбіреуі есіктің түбінде тұрады.

"Шенеуніктер қызметтік жайлы, кондиционері бар көліктермен жүргенде, мыңдаған алматылық күн сайын жұмысқа жету үшін денсаулығы мен өмірін қатерге тігеді. Егер қозғалыс аралығын ретке келтіріп, №118 бағытқа ұзын "гармошка-автобустарды" шығармасаңыздар, адам өліміне әкелетін қайғылы жағдай болуы әбден мүмкін", - деді жазба авторы.




Threads-тен көру


Басқарма не деп жауап берді?
Алматы қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы қазір №118 бағыттың қарбалас уақыттағы қозғалыс кестесі әзірленіп жатқанын хабарлады.

"№118 автобус бағытының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және аялдама кешендерінде жолаушылардың күту уақытын ұзартпау мақсатында қазір қарбалас сағаттардағы қозғалыс кестесі әзірленіп жатыр. Бұл шара қозғалыс аралығын оңтайландыруға және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған", - деп хабарлады ведомство.

Бұл ретте басқарма жаңа кесте қашан енгізілетінін және автобустар санын көбейту немесе бағытқа "гармошка-автобустарды" шығару мүмкіндігі қарастырылып жатыр ма, жоқ па нақтыламады.
Еске сала кетейік, 14 қазанда Алматының Шұғыла шағынауданының тұрғындары қоғамдық көлік жұмысына шағымданған болатын. Олардың айтуынша, автобустарды ұзақ күтуге тура келген, ал кейбір жүргізушілер аялдамаға тоқтамай, жолаушыларды алмай кеткен. Салдарынан қала тұрғындары жаяу жүруге немесе таксимен жетуге мәжбүр болды. Ол кезде әкімдік бұл жағдайдың себебін түсіндірген.

Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса