Добавить новость
ru24.net
World News
Октябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қытай тұрғындарының жеке “терминатор-күзетшілері“ пайда болмақ

0

Қытайдың Unitree компаниясы сальто жасап, төрт метрлік биіктіктен секіретін және көліктің есігін тізесімен соғып ашатын H2-X антропоморфты роботын таныстырды. Оның трюктері көрсетілген видео X әлеуметтік желісінде 500 мыңнан астам қаралым жинады, деп хабарлайды Tengri Life.
Адам бойымен бірдей робот күнделікті тұрмыстық көмекшінің қимылдарынан гөрі, атыс-шабыс фильмдеріндегі әдіс-тәсілдерге көбірек ұқсайтын қимылдарын көрсетеді. Дегенмен әзірлеушілер оның күзет әлеуеті бар деп есептейді.
H2-X роботының мүмкіндіктері қандай?
H2-X роботына H2-X Kung Fu Legend Guardian лақап аты берілді. Оның бойы – 182 сантиметр, салмағы – 70 келі. Робот H2 платформасында құрастырылған және оның 31 еркіндік дәрежесі бар. Аяқ буындарының қуаттылығы арқасында робот қарқынды қозғалыс жасай алады.
Жарияланған видеода H2-X-тің жүгіріп, паркур элементтерін орындап, сальто жасап, шамамен төрт метр биіктіктен секіріп түскені көрсетілген. Бірақ көпшіліктің назарын басқа жайт аударды: робот екпінмен келіп, көлік есіктерін тізесімен соғып ашады.
Көрсетілімге қарағанда, құрастырушылар машинаның ептілігіне ғана емес, физикалық күшіне де басымдық берген.

Unitree Introducing: H2-X Kung Fu Legend Guardian???? Powerful performance to serve and guard you, with a maximum endurance of approximately 8 hours. Please use the robot safely and in a friendly manner. https://t.co/5RU5kDzSUK
— Unitree (@UnitreeRobotics) October 21, 2026
Күзететін робот па, әлде атыс-шабыс фильм кейіпкері ме?
Құрастырушылардың айтуынша, H2-X сегіз сағатқа дейін жұмыс істей алады және күзет қызметіне қолайлы. Ал оның қабілетіне қарап, мұндай оққағармен текетіреспеген абзал екенін түсінуге болады.
Алайда бұл ролик әлеуметтік желі қолданушыларының арасында машинаның техникалық мүмкіндіктеріне сүйіспеншілік қана емес, мұндай көрсетілімдердің қаншалықты қауіпсіз екені туралы сұрақтар туғызды.
Пікір қалдырушылар H2-X-ті блокбастер кейіпкерлерімен салыстырып, күнделікті өмірде мұндай роботпен кездесіп қалу туралы әзілдесті.

"Роботты қауіпсіз әрі мейірімді мақсатта пайдалануыңызды сұраймыз", – дейді құрастырушылар. Ал бұл уақытта демонстрациялық роликтегі робот айналасын жайпап жатыр.
"Бүгін Oxygen салығын төлеуді ұмытып кеткеніңіз үшін артыңыздан осындай робот қуалап жүргенін елестетіп көріңізші".
"Қоғамдық орында мас күйде жүргенім үшін осылардың бірі мені сабап тастайтын күн алыс емес екеніне сенімдімін".

Айта кетейік, роботтардың барлығы бірдей қорқынышты емес. Сәуірде әлеуметтік желілерде Варшавада түсірілген видео танымал болған еді. Онда рюкзак асынып, тізеқап киген шағын гуманоид-робот қала көшелеріндегі жабайы қабандарды қуып жіберген.


Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса