Добавить новость
ru24.net
World News
Октябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

“Еш мәселе жоқ“: Әлімханұлы жаңа салмақта чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады

0
Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы жаңа санаттағы алғашқы титулдық жекпе-жегіне дайындықты бастады. Tengri Sport алдағы айқасқа дайындық барысы мен қарсыластың басым тұстарын анықтап көрді.
Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы ауырлау салмақ дәрежесіне өткеннен кейінгі алғашқы жекпе-жегі 2027 жылдың 23 қаңтарында Данияда өтетінін мәлімдеді. Оның қарсыласы - шаршы алаң иесі, 20 кездесудің бәрінде жеңіске жеткен жеңілмеген боксшы Якоб Банк.
Бұл бәсекеде екінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша чемпиондық атақ сарапқа салынады. Әлімханұлы орта салмақта осы ұйымның чемпионы болған, ал Банк толыққанды белбеу үшін алғаш рет жұдырықтасады.
Қазақстандық боксшының менеджері Берік Сұлтанның айтуынша, өз алаңында өнер көрсету қарсылас үшін артықшылық болмақ, алайда Әлімханұлы жеңіске жетіп, титулды иеленуге ниетті.

"Бұл қарсылас үшін қосымша басымдық бола ма? Әрине, ол өз отанында, өз жанкүйерлерінің алдында жұдырықтасқандықтан, барын салады деп ойлаймын. Ол да, оның командасы да қолдан келгеннің бәрін жасайтыны анық. Бірақ біз де жүз пайыз дайын боламыз.Банк - мықты қарсылас, бірақ Жәнібек үшін аса қауіпті емес. Мүмкін біреулер үшін ол үлкен қатер шығар, бірақ Жәнібек екі тұжырым бойынша чемпион, сондықтан ол Банк үшін оңай қарсылас емес. Иә, дат боксшысы жақсы, оның 20-0 сериясы бар, бірақ Жәнібектің техникасы одан әлдеқайда жоғары деп есептеймін", - деді менеджер тілшімізбен сұхбатында.

- Өтетін орынды таңдау қаншалықты маңызды?
- Біз кез келген жерде боксқа түсуге үйренгенбіз. Қазақстанда да, Американың түрлі штаттарында да жұдырықтастық. Аустралия сияқты өзге елдерде де болдық. Біз үшін, біздің команда мен Жәнібек үшін қай жерде өтетіні маңызды емес. Барлық жерде ринг біреу, раунд 3 минут, ешқандай мәселе жоқ.
Біз кәсіби командамыз, сондықтан қазір қалай бейімделу керек екенін және жекпе-жекке неше күн қалғанда ұшып бару қажеттігін есептеп жатырмыз. Мұның бәрін қазір командамен бірге пысықтап жатырмыз. Орынның маңызы жоқ.
Әрине, Нью-Йоркте жұдырықтасқанды қалар едік. Онда қазақтар өте көп болғандықтан, Жәнібек те сонда өнер көрсеткісі келеді. Бірақ жекпе-жектің Данияда өтетіні белгілі болды. Басты мәселе - кіммен және не үшін? Қарсылас жақсы, рейтингте бар, титулға міндетті үміткер. Сондай-ақ чемпиондық белбеу сарапқа салынады. Бұл - үлкен артықшылық. Бұл жай ғана Даниядағы, Қытайдағы, Үндістандағы немесе Пәкістандағы жекпе-жек емес, чемпиондық айқас болып саналады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

JANIBEK | QAZAQ STYLE (@janibek_alimkhanuly) жарияланымы


Еске сала кетейік, Әлімханұлы мен Банк арасындағы екінші орта салмақтағы титулдық жекпе-жек Данияның Хорсенс қаласында өтеді. Бұл Жәнібек үшін бір жылдан аса үзілістен кейінгі жаңа салмақ дәрежесіндегі алғашқы кездесу болмақ.
Әлімханұлы соңғы рет 2025 жылдың сәуірінде Астанада өткен турнирде шаршы алаңға шығып, француз Анауэль Нгамиссенгені нокаутпен жеңген болатын. Одан кейін ол кубалық Эрисланди Ларамен орта салмақтағы үшінші титул үшін жұдырықтасуы керек еді, бірақ қазақстандықтың допинг-сынамасы оң нәтиже көрсеткендіктен жекпе-жек тоқтатылды.
Жәнібектен нокаут күтуге бола ма?
Әлімханұлының 17 жеңісті жекпе-жегінің 12-сі нокаутпен аяқталған, оның ішінде соңғы төрт кездесуін Жәнібек мерзімінен бұрын аяқтады. Менеджердің айтуынша, ол Банкпен өткен кездесуде де осы серияны жалғастыруға тырысады, бірақ бұл басты мақсат емес.
- Жәнібек үшін бұл жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жету қаншалықты маңызды? Тек жеңіп қана қоймай, жаңа салмақта өзін жарқын қырынан көрсету ниеті бар ма?
- Біз ешқашан жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтауды жоспарламаймыз. Біз әрқашан 12 раундқа дайындаламыз және алдағы уақытта да солай болады, өйткені рингте кез келген жағдай болуы мүмкін.
Әрине, оны нокаутқа түсіру үшін жұмыс істейміз, бірақ 12 раундқа дайын боламыз, өйткені ол оңай қарсылас емес. Оның үстіне, бұл біз үшін жаңа салмақ дәрежесі, қазір жоғарылап жатырмыз, сондықтан 12 раундқа сақадай сай болуымыз керек. Бірақ біз оны зерттеп қойдық. Әлсіз тұстары қайсы, не істеу керек - бәрін білеміз. Онымен үлкен қиындықтар туындамайды деп ойлаймын.

Айта кетейік, Якоб Банк тәжірибелі кубалық Вильям Скуллмен 12 раундтық жекпе-жек өткізіп, соңғы үш минуттықта оны нокаутқа түсірген. Банкпен жұдырықтасқанға дейін сол кубалық Канелоға қарсы барлық 12 раунд бойы шыдаған болатын.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

DAZN Boxing (@daznboxing) жарияланымы


- Жекпе-жекке дайындық қай жерде және қалай өтеді? Еуропаның солтүстігіне бейімделу үшін ерекше дайындық қажет пе?
- Жаттығу жиыны Нью-Йоркте басталады, содан кейін жағдайға қарай көреміз, мүмкін Еуропаға немесе Англияға барамыз. Уақыт айырмашылығы үлкен емес, Дания мен Нью-Йорк арасында шамамен алты сағат. Джетлаг бойынша үлкен мәселе болмайды деп ойлаймын.
Жәнібек Әлімханұлы - WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы. 2026 жылдың жазында ол мәртебесі жоғары қарсыластармен жұдырықтасу үшін жаңа санатқа ауысатынын жариялады. Жаңа салмақта қазақстандыққа бәсекелес болуы мүмкін боксшылардың бірі - әйгілі мексикалық Сауль "Канело" Альварес, ол күзде кезекті титулдық жекпе-жегін өткізеді.
Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық белбеу үшін қашан және қайда жұдырықтасатыны белгілі болды

Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса