Добавить новость
ru24.net
World News
Октябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
27
28
29
30
31

Тоқаев Лула да Силваны Бразилия президенті болып қайта сайлануымен құттықтады

0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилияның қазіргі президенті Луис Инасиу Лула да Силваны сайлаудағы жеңісімен және мемлекет басшысы қызметіне қайта сайлануымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Сізді президент сайлауындағы лайықты жеңісіңізбен құттықтаймын. Бразилия халқы елдің егемендігін нығайтуға, Бразилияның әлемдік аренадағы ықпалын арттыруға, БҰҰ-ны реформалауға және әділетті әлемдік тәртіп орнатуға бағытталған саясатыңызды қолдайтынын көрсетті", – деп жазды Тоқаев X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.


I congratulate you, President @LulaOficial, on your well-deserved victory in the presidential election. The Brazilian people have expressed their support for your policy of strengthening national sovereignty, enhancing Brazil’s standing as a major global power, advancing reform of the United Nations, and promoting a world order based on justice.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) October 26, 2026
80 жастағы Луис Инасиу Лула да Силва 25 қазан, жексенбі күні өткен Бразилия президенті сайлауының екінші кезеңінде жеңіске жетті.
Ресми нәтижеге сәйкес, қазіргі президент сайлаушылардың 51,8 пайыз дауысын жинаған. Ал оның қарсыласы, сенатор Флавиу Болсонару 48,2 пайыз дауыс алған.
Бұл – Бразилия тарихында сайлаудың бірінші кезеңінде екінші орын алған үміткердің түпкілікті жеңіске жеткен алғашқы жағдайы.
Бразилияның Жоғарғы сайлау соты да Лула да Силваның қайта сайланғанын растады. Ресми қорытынды бойынша, ол 51,79 пайыз дауыс жинаған.

Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса