Добавить новость
ru24.net
World News
Октябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28
29
30
31

“Қасқырлар жүрген жерде жүремін“: Астанада балағат жазуы бар жапсырма үшін жүргізуші қамауға алынды

0

Астанада екі жүргізуші көліктен тым қатты шығатын дыбыс пен бейәдеп жазу үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Tengri Auto тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы барысында қызметкерлер 26 жастағы жүргізуші басқарған Mercedes көлігін тоқтатты. Көлікке заңсыз резонатор орнатылған, соның салдарынан пайдаланылған газдардың шығу дыбысы жоғары шу деңгейін тудырып, қала тұрғындарына кедергі келтірген.

Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды, ал жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Екінші жағдай елорданың 32 жастағы тұрғыны басқарған Hyundai Accent көлігімен болды. Полицейлер автокөліктің артқы әйнегінен бейәдеп сөздер жазылған жапсырманы анықтады.

Жүргізуші ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тартылып, көлік коммуналдық тұраққа жөнелтілді. Сот шешімімен ер адам бес тәулікке қамауға алынды.

Бұған дейін мемлекеттік нөмірдегі бейәдеп жазу Орал қаласының жүргізушісіне қомақты шығын әкелді.

Тағы оқыңыз: Түркістан облысында “Шако“ ұсталды: полиция “креативті“ көлік нөмірін құптамады


Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса