Добавить новость
ru24.net
World News
Октябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27
28
29
30
31

Астанада қар, Алматыда жаңбыр жауады

0

Алдағы күндері Астана мен Алматыда ауа райы әртүрлі болады. Елордада жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болжанады, ал Алматыда күн жылы болып, тек 29 қазанда жаңбыр жауады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Астанада ауа райы қандай болады?

28 қазанда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-7 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -1...-3 градус, күндіз +8…+10 градус болады.

29 қазанда күн құбылмалы, күннің аяғында жауын-шашын (жаңбыр, қар) басталады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады: түнде секундына 2-7 метрге, күндіз 9-14 метр. Температура алдыңғы күннің деңгейінде сақталады: түнде -1...-3 градус, күндіз +8…+10 градус болады.

30 қазанда күн құбылмалы, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге жетеді. Күн суытады: түнде 0...+2 градус, күндіз +5…+7 градус болады.

Алматыда ауа райы қандай болады?

28 қазанда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Түнде 1-3 градус үсік жүреді, күндіз +10…+12 градус болады.

29 қазанда күн құбылмалы, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Түнде +1…+3 градус, күндіз +10…+12 градус болады.

30 қазанда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Түнде +1…+3 градус, күндіз +12…+14 градус болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз және жылы болатынын хабарлаған еді. Бұл ретте бірқатар аймақта түнде температура 0 градустан төмен болады. Толық болжамды мына жерден оқыңыз.


Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса