Добавить новость
ru24.net
World News
Октябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29
30
31

“Олай істеуге болмайды, Жозе“: Моуриньюдің журналиске қараған сәті қызу талқыланып жатыр

0

Әлеуметтік желіде "Реалдың" бапкері Жозе Моуриньюдің "Барселонаға" қарсы матч алдында журналист қыздан көз алмай тұрған видеосы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Tengri Sport.
Желіде тараған видеода 63 жастағы жаттықтырушы журналист Сандра Диасқа қарап қалғаны байқалады, бұл желі қолданушылары арасында пікір қайшылығын туғызды.
"Бұлай істеуге болмайды, Жозе, не отбасында бақыттысың, не бақытсызсың. Бұл жаста сен енді жас емессің";"Ха-ха, ол тіпті мұнысын жасыруға тырыспайды да";
"Феминистер ашулы! Жозе Моуринью Сандра Диасқа көз салғаны үшін ұсталып қалды!" - деп жазды желі қолданушылары.
Сонымен қатар, жаттықтырушыны жақтап, оның әрекетінен оғаш ештеңе көрмейтіндер де табылды.
"Оған сол жердегілердің бәрі қарады, тек Жозе емес";
"Ол сүйкімді қыз, өзі де бақытты көрінді. Ешкім оған ештеңе демеді, бәрі риза болды. Мәселе бар ма?"
"Арыстан қартайып, тісі түссе де, тәбетін жоғалтпайды";"Әйелдердің пікірінше, еркек болғанымыз үшін кешірім сұрап, оларға қарау үшін рұқсат сұрауымыз керек", - деп жазды олар видеоға.
Айта кетейік, журналист пен Жозе Моуринью бұл жағдайға қатысты әлі пікір білдірген жоқ.

???? Феминистер ашулы! Жозе Моуринью «Камп Ноу» киім ауыстыру бөлмесіне бара жатқан дәлізде DAZN репортері Сандра Диастың мүсініне көз салғаны үшін ұсталып қалды. https://t.co/8BpD98af8p— MEDITERRÁNEO DIGITAL (@MediterraneoDGT) October 27, 2026
Жозе Моуринью - "Реалдың" аты аңызға айналған жаттықтырушысы63 жастағы португалиялық маман - әлемдік футболдағы ең танымал жаттықтырушылардың бірі. Ол өз мансабында екі рет Чемпиондар лигасын, үш рет Англия чемпионатын жеңіп алған.
Бұдан бөлек, оның қоржынында бірегей жетістік бар: ол тарихта барлық үш еурокубокты бағындырған алғашқы бапкер атанды. Чемпиондар лигасындағы жеңістен кейін "Манчестер Юнайтедпен" Еуропа лигасында және "Ромамен" Конференция лигасында жеңіске жетті.Қазір Моуринью мадридтік "Реалда" қызмет етеді, бұл клубпен ол 2012 жылы Испания чемпионатын жеңген болатын. Кейінгі матчта оның командасы басты қарсыластары каталониялық "Барселонаны" 1:2 есебімен ұтты.


Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса