Алматыда Орталық көшесінде қозғалыс шектеледі
Алматыда Саин көшесін ҮААЖ-ға дейін созу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Tengri Auto.
Осыған байланысты Алатау ауданындағы Орталық көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Шектеу тек түнгі уақытта қолданылады: 29 қазан мен 3 қараша аралығында сағат 23:00-ден 06:00-ге дейі Аруана көшесінен Саин көшесіне дейін қозғалыс жабылады.
Жүргізушілер оңтүстік бағытта Аруана көшесімен, шығыс бағытта Мәдениет шағынауданы көшесімен, ал солтүстік бағытта Саин көшесі арқылы айналып өте алады.
Учаскелерде ескерту белгілері орнатылады. Жүргізушілерден шектеуді ескере отырып, бағытын жоспарлау сұралады.
Алматыдағы шектеулер19 қазаннан 19 қарашаға дейін екі учаскеде реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады:
Құлжа тасжолы - қала шекарасынан Бұқтырма көшесіне қарай ұзындығы 200 метр болатын учаске.Іле тасжолы - қала шекарасынан Сүйінбай даңғылына қарай ұзындығы 200 метр болатын учаске.
