Добавить новость
ru24.net
World News
Октябрь
2026

Полиция қызметкері есірткі сынамасынан өте алмай, айыппұлмен құтылды

0

Оралда марихуана тұтынған полиция қызметкеріне 173 мың теңге айыппұл салынды. Медициналық куәландырудан кейін ер адам кінәсін мойындады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицейдің есірткі тұтынғаны қалай анықталған?
Сот мәліметінше, заңбұзушылық Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің жеке құрам бойынша инспекциясы жүргізген профилактикалық іс-шаралар кезінде анықталған.
Полиция старшинасы шеніндегі айдауыл бөлімшесінің қызметкері тыйым салынған заттарды тұтыну тұрғысынан медициналық куәландырудан өткен.

"Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша каннабиноидтар тобына жататын есірткі заттарын тұтыну дерегі анықталды. Әкімшілік іс материалдарында қызметкердің өз қолымен марихуана пайдаланғанын көрсетіп, кінәсін мойындаған жазбаша түсініктемесі бар", - деп хабарлады соттағылар.

Ол қайта медициналық куәландырудан өтпеген.
Полицей қалай жазаланды?
Сот полиция қызметкерін есірткі заттарын медициналық емес мақсатта тұтынғаны үшін кінәлі деп таныды. Оның іс-әрекеті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-1-бабының 1-бөлігі бойынша сараланды.
Анықтама: ҚР ӘҚБтК-нің 440-1-бабына сәйкес, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді немесе күшті әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтыну, егер бұл әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаса, 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Нәтижесінде ер адамға 173 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.
Астанада полиция мен МКҚ арнайы операция жүргізіп, печенье тәркіледі


Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса