Добавить новость
ru24.net
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

ҰҚК Каспий теңізінде операция жүргізіп, шетелдіктерді ұстады

0

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Каспий теңізі айдынында халықаралық есірткі арнасының жолын кесті. Операция барысында бес адам, оның ішінде үш шетелдік ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Шетелдіктер із кесушілерден қашпақ болған
Операция 1 қарашада өтті. ҰҚК Шекара қызметі ведомствоның Маңғыстау облысы бойынша департаментімен бірлесіп, жүзу құралымен қашпақ болған үш шетелдікті құрықтады.
Тағы екі Қазақстан азаматы жағалау маңында ұсталған.
Каспийде қандай есірткі тәркіленді?
Операция кезінде құқық қорғаушылар мыналарды тәркіледі:

22 келі апиын;27 келі гашиш;60 келі марихуана;кіші көлемді жүйрік катер.

Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 109 келіні құрады.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырауда ҰҚК қызметкерлері экстремистік топ құрды және терроризмді насихаттады деген күдікпен 10 адамды ұстаған болатын. Тергеу мәліметінше, қылмыстық топ мүшелері Қазақстанның батыс өңірінде конституциялық құрылым негіздерін күштеп өзгертуді мақсат еткен.
Сондай-ақ күш құрылымдары балалар мен жасөспірімдерге арналған үш жасырын оқу орталығының жұмысын тоқтатты.


Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса