Добавить новость
ru24.net
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Алматыда күн жылы болады, Астанада үсік жүреді

0

Қазақстанның екі мегаполисінде демалыс күндері ауа райы екі түрлі болады. Алматыда серуендеуді жоспарлауға болады: жексенбіге қарай ауа температурасы 21 градусқа дейін жылынады. Ал Астанада жаңбыр жауып, жексенбіге қараған түні үсік жүреді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Астанада жаңбыр жауып, үсік жүреді

Жұма, 6 қарашада Астанада кешке қарай өткінші жаңбыр жауады. Түнде термометр бағаны +1…+3 градусты, күндіз +10…+12 градусты көрсетеді. Таңертең және күндіз желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.

7 қарашада түнде және күннің бірінші жартысында жаңбыр жауады деп болжанады. Ауа температурасы түнде +1…+3 градус деңгейінде сақталса, күндіз +7…+9 градус болады.

Жексенбі, 8 қарашада кешке қарай өткінші жаңбыр болжанады. Түнде температура −3…−5 градусқа дейін төмендеп, күндіз +7…+9 градус болады. Желдің бағыты батыстан солтүстік-шығысқа ауысады: түнде секундына 3-8 метр, күндіз 9-14 метрге жетеді.

Алматыда демалыс күндері жылы болады

Жұма, 6 қарашада Алматыда күн құбылмалы болады, бірақ жауын-шашын болжанбайды. Түнде температура +1…+3 градус, күндіз +15…+17 градус болады.

7 қарашада күн одан әрі жылынады: түнде +3…+5 градус, күндіз +17…+19 градус болады.

Демалыстың ең жылы күні жексенбі, 8 қарашада болады. Термометр бағаны +19…+21 градусқа дейін көтеріледі. Түнде +5…+7 градус болады.

Үш күн бойы Алматыда жауын-шашын болжанбайды, оңтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен жел соғады.

Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда алдағы күндері ауа райы күрт өзгеретінін хабарлаған. Антициклон орнына солтүстік циклон келіп, оның әсерінен нөсер жауын жауады, жел күшейеді және тұман болжанады. Толық болжамды мына жерден оқыңыз.


Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса